Жаңалықтар

13.05.2026

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту айқындалған.

        Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу көзделген. Аталған талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған.

Толығырақ...
08.05.2026

    АШАІМИ мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған Құрмет тақтасы ілінген. Тақтада кәсіпорында еңбек етіп жүрген кезінде майданға аттанған ардагерлердің есімі жазылған.

     Ұлы Жеңіс – қан майданда Отан үшін от кешкен жауынгерлер мен тылда тынымсыз еңбек еткен ел азаматтарының ортақ ерлігі мен өлшеусіз жанқиярлығының жемісі. Бүгінгі бейбіт өмір мен берекелі тіршілік – сол бір қайсар буынның төзімі мен табандылығының, елге деген адалдығының арқасы.

Толығырақ...
06.05.2026

    Бүгін АШАІМИ басшысы Нұрбол Салыбеков кәсіпорынның ер-азаматтарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

    «Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарға деген зор құрметтің белгісі, сондай-ақ елге адалдық пен ерлік рухын айшықтайтын ерекше күн. Отанды қорғау – тек әскери міндет емес, ол – әрқайсымыздың ел болашағына деген жауапкершілігіміз, бірлігіміз бен намысымыздың көрінісі.

Толығырақ...
01.05.2026

    Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «АШАІМИ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – ел ішіндегі татулық пен өзара сыйластықтың, көпұлтты қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың айқын көрінісі.

Толығырақ...
03.04.2026

    Бүгін «АШАІМИ» ұжымында ерекше әсерге толы, тағылымы мол жиын өтті. Геодезия және картография саласына қырық жылдан астам ғұмырын арнаған қадірлі қызметкер Елена Анатольевна Новосельцева зейнеткерлік демалысқа шықты.

    Елена Анатольевна еңбек жолын 1982 жылы бастап, содан бері өз ісіне адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында зор абыройға ие болған білікті маман ретінде танылды. Соңғы жылдары институт ұжымында қызмет етіп, ортақ мақсат жолында елеулі үлес қосты.

Толығырақ...
20.03.2026
АШАІМИ кәсіпорнының басшысы Нұрбол Салыбеков бүгін қызметкерлерді Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Бұл күн – ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан асыл дәстүрлерімізді ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, татулық пен сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке.
Толығырақ...
19.03.2026

      Бүгін АШАІМИ-де Жаңару күні аясында кәсіпорынның даму бағыттарына арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында өндірістік үдерістерді жетілдіру және корпоративтік мәдениетті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.

      Іс-шара барысында қызметкерлердің ұсыныстары мен тәжірибесі көптеген шешімдерге негіз болғаны атап өтілді. Өзгерістердің басты мақсаты – технологиялық үдерістерді тиімді ету, еңбек өнімділігін арттыру, ашықтық пен жұмыс сапасын жақсарту.

Толығырақ...
18.03.2026

    Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Ол – ата-бабамыздың биік талғамы мен рухани болмысын танытатын ерекше құндылық.

    АШАІМИ ұжымы да бұл күнді назардан тыс қалдырмай, түгелдей ұлттық нақышта киініп келіп, дәстүрге деген үлкен құрметін көрсетті.

Толығырақ...
17.03.2026

     Биыл ортофотожоспардағы ауыл шаруашылығы контурлары мен объектілерінің далалық шифрларын ашу жұмыстары Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облыстарының аумақтарында жүргізіледі. Негізгі мақсат – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жаңарту.


Толығырақ...
17.03.2026

      Наурызнама аясындағы мәні терең, мазмұны айрықша күндердің бірі – Шаңырақ күні. Бұл – отбасындағы береке мен бірлікті, мейірім мен сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке.

      Осы атаулы күнге орай мекемемізде «Шаңырақ күніне» арналған арнайы «шабыт тақтасы» ұйымдастырылды. 
Толығырақ...
13.03.2026

   Жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлерінің күніне орай кәсіпорында мерекелік шара өтті. Кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, саланың дамуына қосқан елеулі еңбектері үшін алғыс білдірді.

   Сондай-ақ әр қызметкердің жинақтаған тәжірибесі, жоғары жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі ұжымның басты құндылығы екені ерекше айтылды.
Толығырақ...
13.03.2026

   Көктемнің жарқын мерекелерінің бірі – Амал күніне орай кәсіпорында еңбек ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті. Басқосудың басты мақсаты – кәсіпорынның қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолын жас буынға үлгі ету.

    Мерекелік кездесуде кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, олардың адал еңбегі мен мол тәжірибесі бүгінгі ұжым жетістіктерінің берік негізі екенін айтты.
Толығырақ...
12.12.2025
     2025 жылға арналған ауыл шаруашылығын картографиялау жұмыстарының сапасы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыс (қызмет) сапасын бақылау жөніндегі комиссиясы Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Д. Бижановтың қатысуымен орындалған жұмыстардың нәтижелеріне тексеру жүргізді.
Толығырақ...
28.11.2025
     Бүгін АШАІМИ қадірлі қонақтарды – кәсіпорынның ардагерлері: Бешенцев Николай Степанович (1967–2009 жылдар аралығында еңбек еткен) және Пляшешников Александр Дмитриевичті (1973–2014 жылдар аралығында жұмыс істеген) қарсы алды. Олардың еңбек жолы, сонау 1960–1970 жылдары басталып, қырық жылдан астам уақытқа созылып, кәсіпорын тарихының маңызды бөлігіне айналды.
     Олардың келуі әр буын әріптестерімен жылы жүздесу ғана емес, сонымен бірге өткен мен бүгіннің арасындағы алтын көпірге айналды. Олардың еңбек еткен уақытынан бері кәсіпорын едәуір өзгерді: жабдық жаңартылды, заманауи технологиялар енгізіліп, қызмет бағыттары кеңейді.
Толығырақ...
27.11.2025
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, 2025 жылғы 8 желтоқсанда сағат 11.00-де Алматы қаласы, Манас көшесі, 42/56, 2 қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша «АШАІМИ» РМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.
Толығырақ...
14.11.2025

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтында кәсіби мерекеге салтанатты жиналыс өтті????
Іс-шара барысында кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы аграрлық сала мамандарының еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі.
???? Бүгінде кәсіпорын тарихи маңызы бар ауқымды жобаны – ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру және ашық ауыл шаруашылығы цифрлық картасын әзірлеу жұмысын жүзеге асырып келеді????
???? Бұл бастама еліміздің аграрлық секторы үшін заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам
???? Цифрлық трансформацияның алдыңғы шебінде тұрып, Қазақстанның аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосып келеміз» – деп, кәсіпорынның атқарып жатқан маңызды жұмыстарын атап өтті.

Толығырақ...
16.10.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалды.
Толығырақ...
11.06.2025
    2026 жылы кәсіпорынның құрылғанына 90 жыл толуы атап өтілетін маңызды оқиға қарсаңында АШАІМИ-де түрлі ұрпақ өкілдері: саланың көрнекті ардагерлері - Асылмұрат Тұрғанбекұлы Тұрғанбеков, Александр Павлович Сизов, кәсіпорын ардагерлері, жұмыс істеп жүрген қызметкерлер мен қазіргі таңдағы жас мамандардың басын біріктірген дөңгелек үстел өтті.
    Бұл іс-шара мерейтойға дайындық жолындағы алғашқы маңызды қадам болды. Онда ашық диалог, естеліктер, пікірталастар болды және болашаққа шабыттандыратын жоспарлар кеңінен талқыланды.
Толығырақ...
30.04.2025
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 26 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
Толығырақ...

Жаңалықтар 1 - 20 of 48
First | Prev. | 1 2 3 | Next | Last