4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай АШАІМИ қызметкерлері еліміздің Әнұранын орындап, Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның мәртебесін ұлықтады. Кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздеріміздің маңызы мен құндылығына тоқталды.
«Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, ұлттық бірлігі мен тұтастығының айқын белгісі. Бұл қасиетті рәміздер халқымыздың тарихын, рухани құндылықтарын және жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді. Көк Туымыз көгімізде желбіреген сайын біз бабалар аманатына адал болудың, туған жеріміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосудың маңызын терең сезінеміз. Елтаңбамыз ел бірлігі мен берекесінің символы болса, Әнұранымыз әр азаматтың жүрегіне жігер беріп, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімді нығайтады.
Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың Отан алдындағы жауапкершілігі мен ел алдындағы парызы. Ұлттық рәміздеріміз бізді ортақ мақсаттарға жұмылдырып, ел дамуына үлес қосуға жігерлендіреді. Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін», – деді Нұрбол Нұрлыбекұлы.
АШАІМИ ұжымы атынан барша қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіз Қазақстанымыздың абыройы асқақтап, Көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Мұндай басқосу елдің өзекті мәселелерін талқылауға, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек адамын қолдау және отандық өндірісті нығайту бағытындағы бастамалармен танысуға мүмкіндік береді.
Бүгін «АШАІМИ» РМК ұжымы үшін ерекше әрі қуанышты күн болды. Кәсіпорынның 90 жылдық мерейтойы аясында өткен «Ашық геодеректер және ауыл шаруашылығының цифрлық карталары: жер ресурстарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы Алғыс хатпен марапаттады.
Тоқсан жылдық тарихында АШАІМИ еліміздің жер ресурстарын басқару, геодезия, картография және геоақпараттық технологиялар саласында өзіндік орны бар іргелі кәсіпорынға айналды. Бұл жетістік – әр кезеңде мекеменің дамуына үлес қосқан бірнеше буын өкілдерінің адал еңбегі мен көп жылдық тәжірибесінің жемісі.
Бүгін АШАІМИ-дің 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдері мен халықаралық серіктестер қатысты. Конференция барысында геодезия, картография, жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығын цифрландыру салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков АШАІМИ-дің 90 жылдық тарихының маңызына ерекше тоқталды: «Тоқсан жыл – жай ғана мерейтой емес. Бұл – бірнеше буын мамандарының қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігінің, үздіксіз ізденіс пен дамудың шежіресі. Осы жылдар ішінде кәсіпорын еліміздің жер ресурстарын зерттеу, есепке алу, мониторинг жүргізу және картографиялау саласының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосты. Осы ретте кәсіпорынның ардагерлері мен бұрынғы басшыларына ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, көрегендіктеріңіз және өз ісіңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында бүгінгі жетістіктеріміздің берік іргетасы қаланды.