Пәні және қызметі

Кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты аэроғарыштық түсірілімдер негізінде жерге орналастыру және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделі органдарының жоспарлы-картографиялық материалға қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.


Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын:
  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, сондай-ақ басқа да санаттағы жерлерге аэроғарыштық түсірілімдер мен фотопландарды тақырыптық дешифрлеуді және жергілікті жерге байланыстыруды орындайды;
  • графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық және өзге де нысандарда фотопландар, ортофотопландар мен фотокарталар дайындайды, аэротүсірілімдер және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізеді;
  • кез келген форматтағы графикалық, картографиялық және басқа материалдарды электронды тасымалдағыштарға жазумен және плоттерде басып шығарумен сканерлейді;
  • күрделі құрылыстың, ауылдық елді мекендерді жоспарлаудың, қала құрылысының мұқтаждықтары үшін тексерулер мен ізденістерді орындайды;
  • жер-кадастрлық карталарды жасайды және басып шығаруға дайындайды;
  • ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының, шаруа қожалықтарының шекараларын тексеру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ аудандар мен облыстардың әкімшілік шекараларын қалпына келтіруге қатысады;
  • жер учаскелерінің, топырақ, геоботаникалық және басқа да контурлардың аудандарын есептейді, жер пайдалану, аудандар мен облыстар бөлінісінде жер-кадастрлық және табиғатты қорғау деректерін талдайды және өңдейді;
  • мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін қалалар мен ауылдық елді мекендердің карталары мен схемаларын цифрлық түрде жасайды;
  • басқа ұйымдармен, оның ішінде шетелдік ұйымдармен бірлесіп жер-кадастрлық және табиғи деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін құруға және енгізуге қатысады;
  • жобалау-іздестіру және картографиялық жұмыстардың технологияларын жетілдіруге бағытталған эксперименттік және тәжірибелік-өндірістік жұмыстарды орындайды.