Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Жер ресурстарын басқару комитеті
РМК «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты»
Алматы, Манас көшесі 42/56
+7 /727/ 274-75-44
gishagi@gishagi.kz
Қаз
Рус
Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Кәсіпорын
туралы
Басшылық
Құрылымы
Тарих
Пәні және қызметі
Атқарылған жұмыс туралы баяндамалар
Нормативтік құжаттар
Бос жұмыс орындары
Фотогалерея
Мемлекеттік
сатып алу
Жылдық жоспар
Хабарландырулар
Жұмыс
түрлері
Геодезиялық жұмыстар
Сандық картография
Жерге орналастыру жұмыстары
Фотограмметриялық жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясат
Жаңалықтар
Жаңалықтар
БАҚ біз туралы
Байланыс
Онлайн қабылдау
Кәсіпорын
туралы
Басшылық
Құрылымы
Тарих
Пәні және қызметі
Атқарылған жұмыс туралы баяндамалар
Нормативтік құжаттар
Бос жұмыс орындары
Фотогалерея
Мемлекеттік
сатып алу
Жылдық жоспар
Хабарландырулар
Жұмыс
түрлері
Геодезиялық жұмыстар
Сандық картография
Жерге орналастыру жұмыстары
Фотограмметриялық жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясат
Жаңалықтар
Жаңалықтар
БАҚ біз туралы
Байланыс
Онлайн қабылдау
Алматы, Манас көшесі 42/56
+7 /727/ 274-75-44
gishagi@gishagi.kz
Тарих
1936 жыл
1936 жылы 8 маусымда Қазақ АССР егіншілік халық комиссары Нығматулла Сырғабекұлы Сырғабековтің ұсынысы бойынша және 1936 жылғы 19 тамыздағы Қазақ АССР Халық комиссарлары кеңесінің № 733 қаулысы негізінле «Ауыл шаруашылық түсірілімі» Қазақ филиалы құрылды.
Байланыстырушылар тобы, 1936 жыл.
1940 жыл
«Ауыл шаруашылығы аэротүсірілім» Бүкілодақтық кеңсесінің Қазақ бөлімшесі КСРО Жер ресурстары халық комиссариатының Жерге орналастыру бас басқармасының «Ауыл шаруашылығы аэрофототүсірілім» Орта Азия аэрофотогеодезиялық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Геодезиялық аспапты зерттеу, 1940 жыл.
1941-1945 жыл
Соғыс уақытында Орта Азия республикалары мен Қазақстанның қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындарын жоспарлы-картографиялық материалдармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргiздi. Кәсіпорынның елуден астам қызметкері майданға шақырылып, олардың он үші майданнан оралмады.
Алғашқы ұшу-түсіру жасағы, 1943 жыл.
1954–1960 жж.
КОКП ОК Пленумының тың жерлерді игеру туралы шешімін орындау мақсатында көлемі 30 млн га астам алаңда жаңа совхоздар үшін жоспарлы-картографиялық материалдарды зерттеу, шифрларын ашу және жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, егістікке жарамды және жарамсыз жерлерді анықтауға бағытталған агрошаруашылық зерттеу де өзекті болды.
Шифр ашушылар жол көрсетушілермен бірге далада, 1955 жыл.
1961–1969 жж.
Топырақ-геоботаникалық картографиялау жөнiндегi алғашқы тәжiрибелiк-өндiрiстiк зерттеулер орындалды, олар кейiннен кеңiнен қолданыла бастады. Отызға жуық тәжірибелі қызметкерлер 1962-1966 жылдары жұмыс істеу үшін Моңғол Халық Республикасына шақырылды, онда 4 жыл ішінде елді толық далалық тексеруден өткізді.
Монғолиядағы экспедиция, 1964 жыл.
1970 жыл
1970 жылғы 30 сәуірде кәсіпорын Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру институтының (БАШАІИ/ ВИСХАГИ) Қазақ филиалы болып қайта аталды.
1971–1980 жж.
Ауылдық елді мекендерді түгендеу жүргізе отырып, 1:2 000 және 1:5 000 масштабтарында суретке түсіру жұмыы орындалды, ауыл шаруашылығы алқаптарының алаңдарын есептеу мен экспликациясын жасау бойынша жұмыстар басталды. Осы жылдар ішінде кәсіпорын тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Орта Азия мен РСФСР-дың Алтай өңірінің барлық республикаларында ауыл шаруашылық картографиялауды орындады.
Инженер Т. Шаяхметов, Қостанай, 1972 жыл.
1981–1990 жж.
Көп еңбекті қажет ететін процестер автоматтандырылды: фотограмметриялық қоюлату, «Картометр» кешенін пайдалана отырып алаңдарды есептеу, сондай-ақ ең жаңа кинофотоматериалдар қолданылды. Өндіріске әлемнің жетекші «Carl Zeiss» және «Leica» компанияларының заманауи геодезиялық, топографиялық және фотограмметриялық аспаптары іске қосылды.
Аспапты меңгері – ортофототопокарта, 1987 жыл
1982 жыл
1982 жылғы 10 маусымда Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер институты (БАШАІИ/ ВИСХАГИ) құрылғанына 50 жыл толуына орай елдің ауыл шаруашылығы жерлерін картографиялау саласындағы зор еңбегі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен БАШАІИ/ ВИСХАГИ ұжымы Еңбек Қызыл Ту орденімен және КСРО АШМ ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды.
1982 жыл
1986 жыл
БАШАІИ/ ВИСХАГИ Қазақ филиалы кәсіпорынның құрылғанына 50 жыл толуына орай елдің ауыл шаруашылығы жерлерін картографиялау саласындағы зор еңбегі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
1991-2000жж.
100,5 млн га алаңда аэросуреттерді жоспарлы-биіктікте дайындау және шифрларын ашу бойынша далалық іздестіру жұмыстары орындалды (масштаб 1:2 000 – 1:100 000) және 117 млн га алаңда картографиялық өнім дайындалды. Сондай-ақ, Ресей, Қырғызстан және Украинада 9 млн га алаңда аэрофотогеодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізілді.
Далалық жұмыстарды қабылдау, Қырғызстан, 1992 ж.
1992 жыл
1992 жылғы 1 шiлдеде кәсiпорын Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (қазiргi Жер ресурстарын басқару комитеті) «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.
2001-2012 жж.
Өндіріске қазіргі заманауи бағдарламалық өнімдер енгізілді: картографиялық жұмыстарға арналған MapInfo Professional, Easy Trace, фотограмметриялық жұмыстарға арналған Талка, Геоматика PRO, сондай-ақ, GNSS (GPS, GLONASS және Galileo) спутниктік жүйелерімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін далалық іздестіру жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған Topcon GR3 GPS жабдығы.
Алғашқы жеке компьютерде фотограмметриялық жұмыстар, 2001 жыл.
2012–2014 жж.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында кәсіпорын республикада 91 млн. гектардан астам аумақта ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы алқаптарына түгендеу жүргізді.
2013 жыл
Ұлттық жалпымемлекеттік статистикалық саралау қорытындысы бойынша АШАІМИ «активтер мен міндеттемелер көрсеткіштері»; «табыстылық көрсеткіштері»; «өтімділік көрсеткіштері» үш номинациясында «Қазақстан көшбасшысы – 2013» құрметті атағына ие болды.
2014 жыл
Швейцарияда (Женева) өткен халықаралық конкурста АШАІМИ екі: «бірегей өндіріс және дәстүрлерді сақтау»; «жоғары сапалы және мінсіз қызмет көрсеткені үшін» номинациялары бойынша «Сапа үшін еуропалық Гран-при» жоғары марапатына ие болды.
2018 жыл
Аэрофототүсіру негізінде 1: 10 000 масштабта «БАЙСЕРКЕ-АГРО» ЖШС «Негізгі учаскесінің» ауыл шаруашылығы алқаптарының электрондық картасы жасалды. Белгілі бір шаруашылықта жерді пайдаланудың аумақтық ерекшеліктерін ашқан бұл бірінші тар салалық ауылшаруашылық картасы ауылшаруашылық өндірісінің орналасуының жалпы сипаттамасын, сондай-ақ оның даму шарттары мен факторларын көрсетті.
2021 жыл
ArcGIS бағдарламалық қамтылымын қолдана отырып, цифрлық картографиялауға көшу, бұл жоғары сапалы карта өнімдерін жасауға мүмкіндік берді.
2023–2024 жж
Кәсіпорын цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау бойынша ауқымды жобаны сәтті жүзеге асырды. Бұл жоба ауылшаруашылық алқаптарын басқарудың тиімділігін арттыруға және оларды ұтымды пайдалануға бағытталған Жер ресурстарын цифрландыру саласындағы ең ірі жобалардың біріне айналды. Жоба кең аумақта ауылшаруашылық жерлері туралы нақты және өзекті ақпараттың болуын қамтамасыз етті және жер ресурстарын ұзақ мерзімді бақылау үшін база құруға ықпал етті.
Онлайн чат
Бізге жазыңыз
«Жіберу» түймесін басу арқылы мен жеке деректерімді өңдеуге келісім беремін. *
Жіберу