Бүгін «АШАІМИ» РМК ұжымы үшін ерекше әрі қуанышты күн болды. Кәсіпорынның 90 жылдық мерейтойы аясында өткен «Ашық геодеректер және ауыл шаруашылығының цифрлық карталары: жер ресурстарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы Алғыс хатпен марапаттады.
Тоқсан жылдық тарихында АШАІМИ еліміздің жер ресурстарын басқару, геодезия, картография және геоақпараттық технологиялар саласында өзіндік орны бар іргелі кәсіпорынға айналды. Бұл жетістік – әр кезеңде мекеменің дамуына үлес қосқан бірнеше буын өкілдерінің адал еңбегі мен көп жылдық тәжірибесінің жемісі.
Мерейтой аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұжымның кәсібилігі мен ұйымшылдығын тағы бір мәрте көрсетті. Әр қызметкер өз міндетін жоғары жауапкершілікпен атқарып, бір мақсат жолында жұмыла еңбек етті. Соның нәтижесінде конференция тәжірибе алмасуға, саланың өзекті мәселелерін талқылауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берген маңызды ғылыми алаңға айналды.
Осыған орай кәсіпорын директоры халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны жоғары деңгейде өткізуге елеулі үлес қосқан қызметкерлерге Алғыс хат табыстап, олардың еңбегіне шынайы ризашылығын білдірді. «Құрметті әріптестер! Сіздердің жоғары жауапкершіліктеріңіз бен кәсібиліктеріңіз – кәсіпорнымыздың ең басты құндылығы. Бүгін табысталған Алғыс хаттар – адал еңбектеріңізге көрсетілген шынайы құрметім мен ризашылығымның белгісі. Баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да кәсіпорнымыздың абыройын асқақтатып, жаңа белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін», – деді Нұрбол Нұрлыбекұлы.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Мұндай басқосу елдің өзекті мәселелерін талқылауға, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек адамын қолдау және отандық өндірісті нығайту бағытындағы бастамалармен танысуға мүмкіндік береді.
Бүгін АШАІМИ-дің 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдері мен халықаралық серіктестер қатысты. Конференция барысында геодезия, картография, жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығын цифрландыру салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков АШАІМИ-дің 90 жылдық тарихының маңызына ерекше тоқталды: «Тоқсан жыл – жай ғана мерейтой емес. Бұл – бірнеше буын мамандарының қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігінің, үздіксіз ізденіс пен дамудың шежіресі. Осы жылдар ішінде кәсіпорын еліміздің жер ресурстарын зерттеу, есепке алу, мониторинг жүргізу және картографиялау саласының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосты. Осы ретте кәсіпорынның ардагерлері мен бұрынғы басшыларына ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, көрегендіктеріңіз және өз ісіңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында бүгінгі жетістіктеріміздің берік іргетасы қаланды.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай АШАІМИ қызметкерлері еліміздің Әнұранын орындап, Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның мәртебесін ұлықтады. Кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздеріміздің маңызы мен құндылығына тоқталды.