АШАІМИ Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының аумағында далалық дешифрлеу жұмыстарын аяқтады.
Дешифрлеу – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жаңартудың негізгі кезеңдерінің бірі. Ол Жерді қашықтықтан зондтау материалдарында бейнеленген объектілерді анықтауды, тануды және олардың сипаттамаларын айқындауды қамтиды.
Далалық дешифрлеу әдісі Жерді қашықтықтан зондтау деректерін жергілікті жердің нақты жағдайымен салыстыруды көздейді. Бұл картографиялық ақпараттың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы алқаптары мен олардың сапалық сипаттамаларына ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, суарылмайтын, суармалы, суару желісі бар, су жайылатын, тас басқан және басқа да егістік жерлер нақтыланады. Сондай-ақ су жайылатын, құрғақ жердегі, батпақтанған, суармалы, түбегейлі жақсартылған, бұта немесе орман өскіндері басқан шабындықтар мен жайылымдардың ерекшеліктері анықталады. Бұдан бөлек, тыңайған жерлер мен көпжылдық екпелер туралы мәліметтер де нақтыланады.
Сонымен қатар жол және гидрографиялық желілердің объектілері, гидротехникалық құрылыстар және цифрлық ауыл шаруашылығы карталарында көрсетілуге тиіс жергілікті жердің басқа да элементтері дешифрленеді.
Далалық жұмыстар әдетте қолайлы маусымда жүргізіледі және аумақ пен жұмыс көлеміне байланысты алты айдан сегіз айға дейін созылуы мүмкін.
Республика күні қарсаңында ауыл шаруашылығын дамытуға сіңірген еңбегі үшін бірқатар сала маманы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапаттарды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров салтанатты түрде табыстады.
Марапат иелерінің қатарында «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының техникалық бақылау басқармасының бас инспекторы Маратхан Дуванович Дюсенгулов та бар. Әріптесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Кәсіпорын директоры Нұрбол Нұрлыбекұлы Салыбеков ұжымды ұлттық мерекемен құттықтады.
«Құрметті әріптестер! Баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан – халқымыздың тарихи таңдауын айшықтайтын, елдігіміз бен егемендігіміздің негізін қалаған маңызды күн. 1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашып, ел дамуының жаңа кезеңіне бастау болды.
Мұндай басқосу елдің өзекті мәселелерін талқылауға, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек адамын қолдау және отандық өндірісті нығайту бағытындағы бастамалармен танысуға мүмкіндік береді.
Бүгін «АШАІМИ» РМК ұжымы үшін ерекше әрі қуанышты күн болды. Кәсіпорынның 90 жылдық мерейтойы аясында өткен «Ашық геодеректер және ауыл шаруашылығының цифрлық карталары: жер ресурстарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы Алғыс хатпен марапаттады.
Тоқсан жылдық тарихында АШАІМИ еліміздің жер ресурстарын басқару, геодезия, картография және геоақпараттық технологиялар саласында өзіндік орны бар іргелі кәсіпорынға айналды. Бұл жетістік – әр кезеңде мекеменің дамуына үлес қосқан бірнеше буын өкілдерінің адал еңбегі мен көп жылдық тәжірибесінің жемісі.