АШАІМИ конференциясы: геодеректер мен цифрлық шешімдер алаңы

12.06.2026

    Бүгін АШАІМИ-дің 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдері мен халықаралық серіктестер қатысты. Конференция барысында геодезия, картография, жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығын цифрландыру салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.

    Кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков АШАІМИ-дің 90 жылдық тарихының маңызына ерекше тоқталды: «Тоқсан жыл – жай ғана мерейтой емес. Бұл – бірнеше буын мамандарының қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігінің, үздіксіз ізденіс пен дамудың шежіресі. Осы жылдар ішінде кәсіпорын еліміздің жер ресурстарын зерттеу, есепке алу, мониторинг жүргізу және картографиялау саласының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосты. Осы ретте кәсіпорынның ардагерлері мен бұрынғы басшыларына ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, көрегендіктеріңіз және өз ісіңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында бүгінгі жетістіктеріміздің берік іргетасы қаланды.

    Бүгінде АШАІМИ өзінің бай тәжірибесі мен қалыптасқан дәстүрлерін сақтай отырып, цифрлық трансформация, геоақпараттық технологиялар мен ашық геодеректерді дамыту бағытында табысты еңбек етіп келеді.

    АШАІМИ алдағы уақытта да еліміздің жер ресурстарын басқару жүйесінің сенімді ғылыми-өндірістік тірегі болып, жаңа технологияларды енгізу арқылы өз даму тарихының жаңа белестерін бағындыра беретініне сенімдімін», – деді ол.

    Іс-шара аясында саланың өзекті бағыттарын қамтитын «Геоақпараттық картографиялау: дәстүрлі атластардан цифрлық геопорталдарға дейін», «Қазақстан Республикасының аграрлық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын дамыту мәселелері, шешу жолдары және даму бағыттары», «Спутниктік деректерді талдау негізіндегі цифрлық сервистерді дамытудағы жасанды интеллекттің рөлі», «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыптарында мазмұнды ғылыми баяндамалар ұсынылды.

    Конференция тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен бастамаларды талқылауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берген мазмұнды әрі нәтижелі алаңға айналды.

 


Басқа жаңалықтар

29 October 2026
АШАІМИ далалық дешифрлеу жұмыстарын аяқтады

  АШАІМИ Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының аумағында далалық дешифрлеу жұмыстарын аяқтады.

  Дешифрлеу – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жаңартудың негізгі кезеңдерінің бірі. Ол Жерді қашықтықтан зондтау материалдарында бейнеленген объектілерді анықтауды, тануды және олардың сипаттамаларын айқындауды қамтиды.

Толығырақ...
26 October 2026
АШАІМИ қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды!

   Республика күні қарсаңында ауыл шаруашылығын дамытуға сіңірген еңбегі үшін бірқатар сала маманы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапаттарды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров салтанатты түрде табыстады.

   Марапат иелерінің қатарында «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының техникалық бақылау басқармасының бас инспекторы Маратхан Дуванович Дюсенгулов та бар. Әріптесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Толығырақ...
23 October 2026
25 қазан – Республика күні қарсаңында АШАІМИ-де салтанатты іс-шара өтті

   Кәсіпорын директоры Нұрбол Нұрлыбекұлы Салыбеков ұжымды ұлттық мерекемен құттықтады. 

   «Құрметті әріптестер! Баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

   25 қазан – халқымыздың тарихи таңдауын айшықтайтын, елдігіміз бен егемендігіміздің негізін қалаған маңызды күн. 1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашып, ел дамуының жаңа кезеңіне бастау болды.

Толығырақ...
30 July 2026
«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымымен кездесті.

     Мұндай басқосу елдің өзекті мәселелерін талқылауға, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек адамын қолдау және отандық өндірісті нығайту бағытындағы бастамалармен танысуға мүмкіндік береді.

Толығырақ...
13 July 2026
АШАІМИ-дің басты құндылығы – қызметкерлері

     Бүгін «АШАІМИ» РМК ұжымы үшін ерекше әрі қуанышты күн болды. Кәсіпорынның 90 жылдық мерейтойы аясында өткен «Ашық геодеректер және ауыл шаруашылығының цифрлық карталары: жер ресурстарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы Алғыс хатпен марапаттады.

     Тоқсан жылдық тарихында АШАІМИ еліміздің жер ресурстарын басқару, геодезия, картография және геоақпараттық технологиялар саласында өзіндік орны бар іргелі кәсіпорынға айналды. Бұл жетістік – әр кезеңде мекеменің дамуына үлес қосқан бірнеше буын өкілдерінің адал еңбегі мен көп жылдық тәжірибесінің жемісі.

 

Толығырақ...
17 June 2026
Халықаралық «Жібек жолы керуені» Қазақстанда
    2026 жылғы 13 маусымда БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясы (UNCCD) аясындағы халықаралық «Жібек жолы керуенінің» (Silk Road Caravan) қатысушылары Қазақстанға келіп, «АШАІМИ» РМК қызметімен танысты.

    Италия, Германия, Моңғолия және басқа да елдерден келген қонақтар кәсіпорынның қызметі туралы кеңірек ақпарат алып, мекеменің мұражайын аралады.

    Сондай-ақ қонақтар «Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхаттың» жабылу салтанатына қатысты. Іс-шара барысында әртүрлі елдердің өкілдері баяндама жасады.
Толығырақ...