АШАІМИ мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған Құрмет тақтасы ілінген. Тақтада кәсіпорында еңбек етіп жүрген кезінде майданға аттанған ардагерлердің есімі жазылған.
Ұлы Жеңіс – қан майданда Отан үшін от кешкен жауынгерлер мен тылда тынымсыз еңбек еткен ел азаматтарының ортақ ерлігі мен өлшеусіз жанқиярлығының жемісі. Бүгінгі бейбіт өмір мен берекелі тіршілік – сол бір қайсар буынның төзімі мен табандылығының, елге деген адалдығының арқасы.
Бүгін кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков Ұлы Отан соғысының тарихи маңызына тоқталып, қызметкерлерді мерекемен құттықтады. "Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ерлік пен батырлықтың, отансүйгіштік пен бірліктің айқын көрінісіне айналған тарихи мереке. Біз бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін жанын қиған майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің алдында әрдайым қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен жанқиярлық ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және елімізге тыныштық пен береке тілеймін!" – деп ізгі тілегін арнады.
Барша қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!
Мұндай басқосу елдің өзекті мәселелерін талқылауға, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек адамын қолдау және отандық өндірісті нығайту бағытындағы бастамалармен танысуға мүмкіндік береді.
Бүгін «АШАІМИ» РМК ұжымы үшін ерекше әрі қуанышты күн болды. Кәсіпорынның 90 жылдық мерейтойы аясында өткен «Ашық геодеректер және ауыл шаруашылығының цифрлық карталары: жер ресурстарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы Алғыс хатпен марапаттады.
Тоқсан жылдық тарихында АШАІМИ еліміздің жер ресурстарын басқару, геодезия, картография және геоақпараттық технологиялар саласында өзіндік орны бар іргелі кәсіпорынға айналды. Бұл жетістік – әр кезеңде мекеменің дамуына үлес қосқан бірнеше буын өкілдерінің адал еңбегі мен көп жылдық тәжірибесінің жемісі.
Бүгін АШАІМИ-дің 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдері мен халықаралық серіктестер қатысты. Конференция барысында геодезия, картография, жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығын цифрландыру салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков АШАІМИ-дің 90 жылдық тарихының маңызына ерекше тоқталды: «Тоқсан жыл – жай ғана мерейтой емес. Бұл – бірнеше буын мамандарының қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігінің, үздіксіз ізденіс пен дамудың шежіресі. Осы жылдар ішінде кәсіпорын еліміздің жер ресурстарын зерттеу, есепке алу, мониторинг жүргізу және картографиялау саласының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосты. Осы ретте кәсіпорынның ардагерлері мен бұрынғы басшыларына ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, көрегендіктеріңіз және өз ісіңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында бүгінгі жетістіктеріміздің берік іргетасы қаланды.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай АШАІМИ қызметкерлері еліміздің Әнұранын орындап, Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның мәртебесін ұлықтады. Кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздеріміздің маңызы мен құндылығына тоқталды.