Биыл ортофотожоспардағы ауыл шаруашылығы контурлары мен объектілерінің далалық шифрларын ашу жұмыстары Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облыстарының аумақтарында жүргізіледі. Негізгі мақсат – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жаңарту.
Жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлерінің күніне орай кәсіпорында мерекелік шара өтті. Кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, саланың дамуына қосқан елеулі еңбектері үшін алғыс білдірді.
Көктемнің жарқын мерекелерінің бірі – Амал күніне орай кәсіпорында еңбек ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті. Басқосудың басты мақсаты – кәсіпорынның қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолын жас буынға үлгі ету.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтында кәсіби мерекеге салтанатты жиналыс өтті Іс-шара барысында кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы аграрлық сала мамандарының еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі. Бүгінде кәсіпорын тарихи маңызы бар ауқымды жобаны – ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру және ашық ауыл шаруашылығы цифрлық картасын әзірлеу жұмысын жүзеге асырып келеді Бұл бастама еліміздің аграрлық секторы үшін заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам Цифрлық трансформацияның алдыңғы шебінде тұрып, Қазақстанның аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосып келеміз» – деп, кәсіпорынның атқарып жатқан маңызды жұмыстарын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалды.