Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарландыру

26.03.2025

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалды.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау көзделген, ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және директордың 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 12-Ө бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 9 сәуірден бастап 19 сәуірге дейін 2025 жылғы мамырда «АШАІМИ» РМК-ның 2024 жылғы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мынадай бағыттар бойынша жоспарлануда:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер 2025 жылғы 8 сәуірге дейін қоса алғанда электрондық поштаға қабылданады anticor@gishagi.kz.


Басқа жаңалықтар

28 November 2025
     Бүгін АШАІМИ қадірлі қонақтарды – кәсіпорынның ардагерлері: Бешенцев Николай Степанович (1967–2009 жылдар аралығында еңбек еткен) және Пляшешников Александр Дмитриевичті (1973–2014 жылдар аралығында жұмыс істеген) қарсы алды. Олардың еңбек жолы, сонау 1960–1970 жылдары басталып, қырық жылдан астам уақытқа созылып, кәсіпорын тарихының маңызды бөлігіне айналды.
     Олардың келуі әр буын әріптестерімен жылы жүздесу ғана емес, сонымен бірге өткен мен бүгіннің арасындағы алтын көпірге айналды. Олардың еңбек еткен уақытынан бері кәсіпорын едәуір өзгерді: жабдық жаңартылды, заманауи технологиялар енгізіліп, қызмет бағыттары кеңейді.
Толығырақ...
27 November 2025
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, 2025 жылғы 8 желтоқсанда сағат 11.00-де Алматы қаласы, Манас көшесі, 42/56, 2 қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша «АШАІМИ» РМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.
Толығырақ...
14 November 2025

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтында кәсіби мерекеге салтанатты жиналыс өтті????
Іс-шара барысында кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы аграрлық сала мамандарының еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі.
???? Бүгінде кәсіпорын тарихи маңызы бар ауқымды жобаны – ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру және ашық ауыл шаруашылығы цифрлық картасын әзірлеу жұмысын жүзеге асырып келеді????
???? Бұл бастама еліміздің аграрлық секторы үшін заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам
???? Цифрлық трансформацияның алдыңғы шебінде тұрып, Қазақстанның аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосып келеміз» – деп, кәсіпорынның атқарып жатқан маңызды жұмыстарын атап өтті.

Толығырақ...
16 October 2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалды.
Толығырақ...
11 June 2025
    2026 жылы кәсіпорынның құрылғанына 90 жыл толуы атап өтілетін маңызды оқиға қарсаңында АШАІМИ-де түрлі ұрпақ өкілдері: саланың көрнекті ардагерлері - Асылмұрат Тұрғанбекұлы Тұрғанбеков, Александр Павлович Сизов, кәсіпорын ардагерлері, жұмыс істеп жүрген қызметкерлер мен қазіргі таңдағы жас мамандардың басын біріктірген дөңгелек үстел өтті.
    Бұл іс-шара мерейтойға дайындық жолындағы алғашқы маңызды қадам болды. Онда ашық диалог, естеліктер, пікірталастар болды және болашаққа шабыттандыратын жоспарлар кеңінен талқыланды.
Толығырақ...