Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтында кәсіби мерекеге салтанатты жиналыс өтті Іс-шара барысында кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы аграрлық сала мамандарының еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі. Бүгінде кәсіпорын тарихи маңызы бар ауқымды жобаны – ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру және ашық ауыл шаруашылығы цифрлық картасын әзірлеу жұмысын жүзеге асырып келеді Бұл бастама еліміздің аграрлық секторы үшін заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам Цифрлық трансформацияның алдыңғы шебінде тұрып, Қазақстанның аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосып келеміз» – деп, кәсіпорынның атқарып жатқан маңызды жұмыстарын атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпорын директоры бірқатар қызметкерлерді төс белгі және құрмет дипломымен марапаттады. Бұл – олардың кәсібилігіне, адал еңбегі мен кәсіпорын дамуына қосқан үлесіне берілген лайықты құрмет. Іс-шара соңында Н. Салыбеков барша қызметкерлердің еңбегіне ризашылық білдіріп, кәсібилік, табандылық және жауапкершілік – біздің басты құндылығымыз екенін атап өтті. ✨
АШАІМИ Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының аумағында далалық дешифрлеу жұмыстарын аяқтады.
Дешифрлеу – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жаңартудың негізгі кезеңдерінің бірі. Ол Жерді қашықтықтан зондтау материалдарында бейнеленген объектілерді анықтауды, тануды және олардың сипаттамаларын айқындауды қамтиды.
Республика күні қарсаңында ауыл шаруашылығын дамытуға сіңірген еңбегі үшін бірқатар сала маманы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапаттарды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров салтанатты түрде табыстады.
Марапат иелерінің қатарында «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының техникалық бақылау басқармасының бас инспекторы Маратхан Дуванович Дюсенгулов та бар. Әріптесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Кәсіпорын директоры Нұрбол Нұрлыбекұлы Салыбеков ұжымды ұлттық мерекемен құттықтады.
«Құрметті әріптестер! Баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан – халқымыздың тарихи таңдауын айшықтайтын, елдігіміз бен егемендігіміздің негізін қалаған маңызды күн. 1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашып, ел дамуының жаңа кезеңіне бастау болды.
Мұндай басқосу елдің өзекті мәселелерін талқылауға, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек адамын қолдау және отандық өндірісті нығайту бағытындағы бастамалармен танысуға мүмкіндік береді.
Бүгін «АШАІМИ» РМК ұжымы үшін ерекше әрі қуанышты күн болды. Кәсіпорынның 90 жылдық мерейтойы аясында өткен «Ашық геодеректер және ауыл шаруашылығының цифрлық карталары: жер ресурстарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы Алғыс хатпен марапаттады.
Тоқсан жылдық тарихында АШАІМИ еліміздің жер ресурстарын басқару, геодезия, картография және геоақпараттық технологиялар саласында өзіндік орны бар іргелі кәсіпорынға айналды. Бұл жетістік – әр кезеңде мекеменің дамуына үлес қосқан бірнеше буын өкілдерінің адал еңбегі мен көп жылдық тәжірибесінің жемісі.