АШАІМИ Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнін атап өтті

18.11.2024
    Бүгін кәсіпорын директоры Нұрбол Нұрлыбекұлы Салыбеков ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады!
     Директор өз сөзінде, кәсіпорынның негізгі міндеті цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын дайындаудың маңызы мен күрделілігін атап айтып, қызметкерлердің ауыл шаруашылығы карталарын жасаудағы ынта-жігері, кәсібилігі мен еңбекқорлығы үшін алғыс білдірді.    
    Мереке қарсаңында ауыл шаруашылығы саласындағы айтулы еңбегі үшін кәсіпорынның бірнеше қызметкері арнаулы төсбелгілермен мараппатталды.
Құрметті әріптестер!
    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын.
    Бұл күн аграрлық секторда еңбек етіп ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік өндірісі және оларды қайта өңдеуге күн сайын өз білімі мен күш-жігерін жұмсайтын қызметкерлерге құрмет көрсету күні.
    Біз атқарып жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыруға жұмысы  ауыл шаруашылығы үшін ерекше мәнге ие. Біз аграрлық өндірісті жаңғыртуға және тиімділігін жақсартуға бағытталған маңызды процесстің бір бөлігіміз. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің нәтижесінде жер тек ресурс қана емес,  қазіргі заманауи аграрлық сектордың цифрлық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналып келеді.
    Сіздердің еңбектеріңіз ауыл шаруашылығымен қатар  жалпы экономика үшін де маңызға ие, себебі елдің азық-түлік қауіпсіздігі ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Бүгінгі кәсіби мерекеде сіздердің үлкен іске қосып жатқан үлестеріңіздің ерекше екенін  атап өткім келеді. Сіздер аграрлық секторды ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ете отырып, оның тұрақты дамуының іргетасын қалап отырсыздар.
    Ауыл шаруашылығындағы технологиялар мен инновациялар маңызға ие цифрлық болашаққа, сіздермен бірге сәт сайын жақындатып келеміз. Мен сіздердей кәсіби білікті мамандар командасында жұмыс істейтіндігім үшін мақтанамын және алдағы уақытта бізді жаңа табыстар мен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін.
    Сіздерге мықты денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар және қиын да маңызды жұмыстарыңызға сәттілік, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Әр күндеріңіз нәтижелі еңбекке, оң өзгерістер мен гүлденуге толы болсын!
Мереке құтты болсын!

Басқа жаңалықтар

13 May 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарландыру

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту айқындалған.

        Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу көзделген. Аталған талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған.

Толығырақ...
8 May 2026
Ерлікке – тағзым, ұрпаққа – үлгі

    АШАІМИ мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған Құрмет тақтасы ілінген. Тақтада кәсіпорында еңбек етіп жүрген кезінде майданға аттанған ардагерлердің есімі жазылған.

     Ұлы Жеңіс – қан майданда Отан үшін от кешкен жауынгерлер мен тылда тынымсыз еңбек еткен ел азаматтарының ортақ ерлігі мен өлшеусіз жанқиярлығының жемісі. Бүгінгі бейбіт өмір мен берекелі тіршілік – сол бір қайсар буынның төзімі мен табандылығының, елге деген адалдығының арқасы.

Толығырақ...
6 May 2026
Отанға қызмет – ортақ парыз

    Бүгін АШАІМИ басшысы Нұрбол Салыбеков кәсіпорынның ер-азаматтарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

    «Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарға деген зор құрметтің белгісі, сондай-ақ елге адалдық пен ерлік рухын айшықтайтын ерекше күн. Отанды қорғау – тек әскери міндет емес, ол – әрқайсымыздың ел болашағына деген жауапкершілігіміз, бірлігіміз бен намысымыздың көрінісі.

Толығырақ...
1 May 2026
Бірлік түбі – береке

    Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «АШАІМИ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – ел ішіндегі татулық пен өзара сыйластықтың, көпұлтты қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың айқын көрінісі.

Толығырақ...
3 April 2026
Қырық жылға жуық еңбек – құрметке лайық ғұмыр жолы

    Бүгін «АШАІМИ» ұжымында ерекше әсерге толы, тағылымы мол жиын өтті. Геодезия және картография саласына қырық жылдан астам ғұмырын арнаған қадірлі қызметкер Елена Анатольевна Новосельцева зейнеткерлік демалысқа шықты.

    Елена Анатольевна еңбек жолын 1982 жылы бастап, содан бері өз ісіне адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында зор абыройға ие болған білікті маман ретінде танылды. Соңғы жылдары институт ұжымында қызмет етіп, ортақ мақсат жолында елеулі үлес қосты.

Толығырақ...
20 March 2026
Наурыз – береке мен бірліктің мерекесі
АШАІМИ кәсіпорнының басшысы Нұрбол Салыбеков бүгін қызметкерлерді Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Бұл күн – ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан асыл дәстүрлерімізді ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, татулық пен сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке.
Толығырақ...