Дешифрлеу жұмыстары аяқталды: АШАІМИ РМК іздестіру құрылымдылық бөлімшілерінің оралуы

01.11.2024
   Бүгін, сәуір мен қазан айлары аралығында 7 айға созылған далалық дешифрлеу жұмыстарына аттанған, далалық іздестіру құрылымдық бөлімшелері АШАІМИ-на қайта оралды. Далалық жұмыстардардың әрқилы қиындығына, обьектілердің күрделілігіне қарамастан, іздестіру бөлімшелері өздеріне жүктелген жоспарды толығымен орындады.  
   Кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков далалық жұмыстардан оралған қызметкерлерге өз ризашылығын білдіріп, жұмысқа деген адалдығы мен кәсібилігі үшін алғыс айтты.

Басқа жаңалықтар

17 June 2026
Халықаралық «Жібек жолы керуені» Қазақстанда
    2026 жылғы 13 маусымда БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясы (UNCCD) аясындағы халықаралық «Жібек жолы керуені» (Silk Road Caravan) делегациясы Қазақстанға келіп, «АШАІМИ» РМК қызметімен танысты.

    Италия, Германия, Моңғолия және басқа да елдерден келген қонақтар кәсіпорынның қызметі туралы кеңірек ақпарат алып, мекеменің мұражайын аралады.

    Сондай-ақ делегация «Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхаттың» жабылу салтанатына қатысты. Іс-шара барысында әртүрлі елдердің өкілдері баяндама жасады.
Толығырақ...
12 June 2026
АШАІМИ конференциясы: геодеректер мен цифрлық шешімдер алаңы

     Бүгін АШАІМИ-дің 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдері мен халықаралық серіктестер қатысты. Конференция барысында геодезия, картография, жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығын цифрландыру салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.

      Кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков АШАІМИ-дің 90 жылдық тарихының маңызына ерекше тоқталды: «Тоқсан жыл – жай ғана мерейтой емес. Бұл – бірнеше буын мамандарының қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігінің, үздіксіз ізденіс пен дамудың шежіресі. Осы жылдар ішінде кәсіпорын еліміздің жер ресурстарын зерттеу, есепке алу, мониторинг жүргізу және картографиялау саласының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосты. Осы ретте кәсіпорынның ардагерлері мен бұрынғы басшыларына ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, көрегендіктеріңіз және өз ісіңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында бүгінгі жетістіктеріміздің берік іргетасы қаланды.


Толығырақ...
8 June 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру

     Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 
Толығырақ...
4 June 2026
Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі

      4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай АШАІМИ қызметкерлері еліміздің Әнұранын орындап, Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның мәртебесін ұлықтады. Кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздеріміздің маңызы мен құндылығына тоқталды.

Толығырақ...
13 May 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарландыру

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту айқындалған.

        Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу көзделген. Аталған талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған.

Толығырақ...
8 May 2026
Ерлікке – тағзым, ұрпаққа – үлгі

    АШАІМИ мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған Құрмет тақтасы ілінген. Тақтада кәсіпорында еңбек етіп жүрген кезінде майданға аттанған ардагерлердің есімі жазылған.

     Ұлы Жеңіс – қан майданда Отан үшін от кешкен жауынгерлер мен тылда тынымсыз еңбек еткен ел азаматтарының ортақ ерлігі мен өлшеусіз жанқиярлығының жемісі. Бүгінгі бейбіт өмір мен берекелі тіршілік – сол бір қайсар буынның төзімі мен табандылығының, елге деген адалдығының арқасы.

Толығырақ...