АШАІМИ РМК «ЦИФРЛЫҚ ШЫНАЙЫЛЫҚ: КАРТОГРАФИЯ, ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ЖЕРДІ ҚАШЫҚТАН ЗОНДТАУДАҒЫ ЖАҢА СҰРАНЫСТАР» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты

11.11.2024
Тәжірибе алмасу мен жаңа байланыстар орнату үшін таптырмас алаңға айналған  аталмыш халықаралық конференцияда заманауи сандық технологиялардың дәстүрлі картографияға әсері, геоақпараттық жүйелер мен қашықтықтан зондтау деректері технологияларын  әртүрлі салаларға:   тұрақты дамыту және   экология,  геомәліметтік жүйелердегі жұмысты автоматтандыру, кеңістіктік ақпаратты талдауға қажетті кең көлемдегі деректерді өңдеу және жасанды интеллект жұмысын пайдалану жолдары мен мүмкіндіктерін қолдану мәселелері талқыға түсті.
    АШАІМИ алдағы уақытта да,  белсенді серіктестіктерге, қызықты әрі пайдалы жобаларға және жаңаша технологияларды жүзеге асыруға дайын екендігін білдірді.

Басқа жаңалықтар

8 June 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру

     Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 
Толығырақ...
4 June 2026
Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі

      4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай АШАІМИ қызметкерлері еліміздің Әнұранын орындап, Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның мәртебесін ұлықтады. Кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздеріміздің маңызы мен құндылығына тоқталды.

Толығырақ...
13 May 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарландыру

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту айқындалған.

        Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу көзделген. Аталған талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған.

Толығырақ...
8 May 2026
Ерлікке – тағзым, ұрпаққа – үлгі

    АШАІМИ мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған Құрмет тақтасы ілінген. Тақтада кәсіпорында еңбек етіп жүрген кезінде майданға аттанған ардагерлердің есімі жазылған.

     Ұлы Жеңіс – қан майданда Отан үшін от кешкен жауынгерлер мен тылда тынымсыз еңбек еткен ел азаматтарының ортақ ерлігі мен өлшеусіз жанқиярлығының жемісі. Бүгінгі бейбіт өмір мен берекелі тіршілік – сол бір қайсар буынның төзімі мен табандылығының, елге деген адалдығының арқасы.

Толығырақ...
6 May 2026
Отанға қызмет – ортақ парыз

    Бүгін АШАІМИ басшысы Нұрбол Салыбеков кәсіпорынның ер-азаматтарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

    «Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарға деген зор құрметтің белгісі, сондай-ақ елге адалдық пен ерлік рухын айшықтайтын ерекше күн. Отанды қорғау – тек әскери міндет емес, ол – әрқайсымыздың ел болашағына деген жауапкершілігіміз, бірлігіміз бен намысымыздың көрінісі.

Толығырақ...
1 May 2026
Бірлік түбі – береке

    Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «АШАІМИ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – ел ішіндегі татулық пен өзара сыйластықтың, көпұлтты қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың айқын көрінісі.

Толығырақ...