«АШАІМИ» Қазақстан Республикасы күнін атап өтті

24.10.2024
Бүгін «АШАІМИ» РМК – да еліміздің егемендігі бастау алған ұлттық мереке – Республика күні салтанатты түрде аталып өтті.
Тарихқа жүгінсек, 1990 жылы 25 қазан күні Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі қаулысымен Мемлекеттің егемендігі туралы декларация қабылданған.Сондықтан бұл күн қазақ халқының тәуелсіз ел ретінде өткені мен бүгініне есеп беріп, мемлекет ретінде өз даму жолын анықтауға жол ашқан күн.
Мереке қарсаңында үздік қызметкерлер кәсіпорынның атаулы төсбелгілері және грамоталарымен марапатталды.
Кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков әріптестерін Республика күнімен құтықтай отырып, еңбектерінде толағай табыс, отбасыларына баянды бақыт пен бақ-береке тіледі.

Басқа жаңалықтар

26 March 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалды.

Толығырақ...
12 March 2025
АШАІМИ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы сарапшылармен кездесуі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басымдық ретінде
Бүгін «АШАІМИ» РМК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шаралары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы, «Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі» қоғамдық ұйымының басшысы – Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары – Ғалымов Жарқын Сайлауұлының қатысуымен кездесу өтті.
Толығырақ...
8 February 2025
«Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемелекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемелекеттік кәсіпорны "қазақстандық ғылымды дамытудың сын-қатерлері мен басымдықтары" халықаралық форумына қатысты
«Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемелекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемелекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында өткен «Қазақстан ғылымының дамуының қиындықтары мен басым бағыттары» атты халықаралық форумға қатысты.
Толығырақ...
31 December 2024
Жаңа жыл – жаңа бастамалар мен мүмкіндіктердің уақыты
​«Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» республикалық мемелекеттік кәсіпорны басшысы Нұрбол Салыбеков ұжымды Жаңа 2025 жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Толығырақ...
13 December 2024
АШАМИ-де Тәуелсіздік күні аталып өтті
Кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемелекеттік институты ұжымын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құтықтады.
Толығырақ...
10 December 2024
Құрметпен зейнетке
АШАІМИ ұжымы техникалық бақылау басқармасының бас инспекторы Насыпқан Тұрағұлұлы Оспановты зейнет жасына толуына байланысты  зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.  
Толығырақ...