Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

        «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгілік ережеге сәйкес «АШАІМИ» РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі құрылды.

«АШАІМИ» РМК-да азаматтар/келушілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпарат бере алатын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізе алатын ақпараттандыру арналары орналастырылған.

Егер сіз «АШАІМИ» РМК қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәгері болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, «АШАІМИ» РМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне келесі байланыс арналары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:

        Сенім телефоны: 8 (727) 275-04-50 (ішкі 2231);

        Электрондық пошта: anticor@gishagi.kz

        Телефон қоңыраулары 08:00-ден 17:00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) қабылданады.

        Жұмыс режимі: 08.00 – ден 17.00-ге дейін түскі ас 12.00 – ден 13.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма)

Көрсетілген поштаға жұмыс уақытынан тыс уақытта алынған өтініштерді өңдеу өтінішті алғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.