«АШАІМИ» РМК қызметкерлері «ISO 37001: 2016 халықаралық стандартына сәйкес парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесін енгізу және әзірлеу» тақырыбында оқытудан өтті

ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесін енгізу және әзірлеу шеңберінде, сондай-ақ персоналдың біліктілігін арттыру мақсатында 2024 жылғы 5-6 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін оқыту өткізді.

Оқыту қорытындысы бойынша «АШАІМИ» РМК -ның жиырма қызметкері оқу курсынан өткені туралы сертификат алды.