Сабақтастық және ынтымақтастық: АШАІМИ «Геодезия мен маркшейдериядағы цифрлық технологиялар» халықаралық форумында

АШАІМИ Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың О.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының 90 жылдығына арналған «Геодезия және маркшейдериядағы цифрлық технологиялар» халықаралық форумына қатысты.

Форумға қатысушылардың тізімі таң қалдырды. Спикерлер мен сарапшылар – геодезия мен маркшейдерлік өнерді шебер меңгерген мамандар цифрлық технологиялар саласындағы білім мен зерттеулерді паш етті.

Осы айтулы күні АШАІМИ директоры Нұрбол Салыбеков пен Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректоры Мейрам Бегентаев өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Форум тәжірибе алмасу, өзекті тақырыптарды талқылау және жаңа іскерлік байланыстар орнату үшін тамаша мүмкіндік сыйлады.