Табиғи апат мақсатымызды емес, жоспарымызды өзгертті

Еліміздің Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Қостанай облыстарында болған су тасқыны дала бөлімшелерінің жоспарлары мен бағыттарын өзгертті. Бұл табиғи апаттар аймақтарға қол жетімділікті және далалық дешифрлеу жұмысының жалпы қауіпсіздігін едәуір қиындатты.
Су тасқынынан туындаған кедергілерге қарамастан, дала жұмысын істейтін адамдар өз мақсаттарына, міндеттеріне адал болып, табиғаттың тосын қиындықтарын қабылдауға дайын.
Табиғи апаттар кәсіпорынды жұмыстарды орындаудың өндірістік жоспарын қайта қарауға және экспедицияларды басқа қолжетімді және қауіпсіз өңірлерге – Абай, ШҚО, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарына жіберуге мәжбүр етті.
Белгіленген өндірістік жоспарға сүйене отырып, кәсіпорынның далалық бөлімшелері өз мақсаттарына қарай мүлтіксіз алға жылжуда. Әрбір қызметкер өз міндеттерін жоғары жауапкершілік пен кәсіпқойлықпен орындай отырып, негізгі мақсатқа – ауыл шаруашылығы жерлерін цифрлау жұмыстарын уақтылы аяқтауға ұмтыла отырып, өз үлесін қосады.
Біз ұжымымыздың кез келген жағдайда тиімді жұмыс істей алатынын, әрі ортақ мақсаттарымызға жету жолындағы кез келген кедергілерді еңсеретінін мақтан етеміз.