Ауыл шаруашылығы карталары жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашады

Соңғы уақытта Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтына  (АШАІМИ) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың мекемелері, гидрогеологиялық-мелиоративтік мекемелер, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары және тағы басқалары әртүрлі мәселелерді шешуге жәрдемдесу үшін өтініш білдіруде, өйткені ауыл шаруашылығы карталары жоғары кеңістікті айыру қабілетімен түсірілулер мен шифрларын ашу элементтері негізінде дайындалған бірегей құрал болып табылады, ауыл шаруашылығы мен табиғатты пайдаланудың түрлі аспектілерінде негізгі рөл атқарады.

Ауыл шаруашылығын картографиялаудың заманауи технологиялары ауыл шаруашылығы жерлерінің контурын дәл анықтауға, олардың аудандарын есептеуге, агроэкология, жерге орналастыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және т.б. секілді түрлі салалардағы зерттеулердің жаңа көкжиегін аша отырып, ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит және мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы карталарының ерекшелігі – олар ерекше жоғары ақпараттылыққа ие және жер үстінен картографиялау әдісімен ала алмайтын ауылшаруашылығы алқаптарының сандық және сапалық сипаттамалары туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік береді, жер бедері туралы құнды ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар, ол кеңістіктік орналасуды, алқаптардың, жолдардың, суару жүйелерінің, гидротехникалық құрылыстардың және басқа инфрақұрылымның жай-күйі, мақсаты мен қолданылуы туралы толық ақпаратты көрсетеді.

Жалпы, ауыл шаруашылығы карталары ауыл шаруашылығы ресурстарын басқарудың және ауылдық жерлерде орнықты дамуды іске асырудың маңызды құралы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы жерлеріне: егістік және жайылымдық жерлерге (суландырылған жайылымдарға), босалқы жерлерге, тыңайған және бұзылған жерлерге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі агроорман-мелиорациялық екпелерге (қорғаныш орман белдеулеріне) түгендеу жүргізу; мал қорымдарының карталарын жасау және т.б. үшін инновациялық тәсілдің арқасында ауыл шаруашылығы карталарының деректерін пайдалану әлеуеті шексіз.

Заманауи технологияларды пайдалану және осы аралас салаларды интеграциялау процестерді оңтайландыруға, тиімділікті арттыруға және нақты уақыт режимінде дәлелді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

 

Біз ауыл шаруашылығының, табиғатты пайдаланудың, қоршаған ортаны қорғаудың, инфрақұрылымды дамытудың түрлі аспектілеріндегі және басқа да көптеген саладағы өзекті мәселелерді шешуде өз үлесімізді қоса алатынымызға мақтанамыз.