2023 жылғы 1 шілдеге 101 860,2 мың га ауыл шаруашылығы жерлері немесе ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатқан республика аумағының 49,6% цифрландырылды

«Жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасының 100 «Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру» кіші бағдарламасы аясында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының және елді мекендердің құрылыс жүргізілген аумақтарының жоспарлы-картографиялық өнімін жасау жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 1 шартқа сәйкес цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау бойынша 2023 жылдың І жартыжылдығында геоақпараттық жүйелер басқармалары орындайтын жұмыстар көлемі жалпы ауданы – 25 581,9 мың га құрады, оның ішінде:
– Қарағанды облысының 5 (бес) ауданы (Қарқаралы, Бұқар Жырау, Шет, Жаңаарқа және Ақтоғай) аумағының бөліктері 13 100,1 мың га көлемінде;
– Павлодар облысының 11 (он бір) ауданы (Железин, Кашир, Успен, Ақтоғай, Павлодар, Шарбақты, Лебяжі, Май, Баянауыл, Ақсу қ. а., Екібастұз қ. а.) аумағының бөліктері 7 566,4 мың га көлемінде;
– Қостанай облысының 6 (алты) ауданы (Таран, Әулиекөл, Қарасу, Қамысты, Наурызым және Жанкелді) аумағының бөліктері 2 299,7 мың га көлемінде;
– Түркістан облысының 8 (сегіз) ауданы (Шардара, Қазығұрт, Отырар, Ордабасы, Түлкібас, Арыс, Төле Би, және Шымкент қ. а.) аумағының бөліктері 1 052,0 мың га көлемінде;
– Қызылорда облысының 3 (үш) ауданы (Қазалы, Қармақшы және Жалағаш) аумағының бөліктері1 563,7 мың га көлемінде.
Осылайша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына 101 860,2 мың га ауыл шаруашылығы жерлері немесе жер инфрақұрылымы бар ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатқан республика аумағының 49,6% цифрландырылды (барлығы 205 469,2 мың га).
2023 жылы 68 812,0 мың га көлемінде цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау жоспарланып отыр, оның ішінде:
54 676,0 мың га (26,6 %) – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау;
14 136,0 мың га – аналогтық карталарды цифрлық түрге келтіру.
101 860,2 мың га ауыл шаруашылығы жерлері немесе ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатқан республика аумағының 49,6% цифрландырылды.
Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыруды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.