Бірге жарқын болашаққа: АШАІМИ мен «Ауыл» партиясының ынтымақтастығы

АШАІМИ мен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Алматы өңірлік филиалының бірлескен жұмысы аясында келесі өзекті мәселелер талқыланды:
1) ашық пайдаланудағы ауыл шаруашылығы карталарын жасау;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі агроорман-мелиорациялық екпелерді (қорғаныс орман белдеулерін) түгендеу;
3) мемлекеттік жер кадастрының мақсаттары үшін жер учаскелері контурларының аудандарын есептеу;
4) ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы алқаптарына түгендеу жүргізу;
5) облыстар бөлінісінде ауыл шаруашылығы алқаптарының атласын құру;
6) орман картасын, оның ішінде:
орман дақылдары, күйген және қураған учаскелер, сондай-ақ дауыл құлатқан ағаштар мен кесілген орман;
бұталар, бұташықтар және басқа бұталы өсімдіктер;
қорғаныс орман алқаптары және орман алқаптарының басқа типтері;
су ағындары бойындағы және жағалау аймақтарындағы орман екпелері;
құмды топырақтағы орман белдеулері, орман тәлімбақтары, саябақтар мен орманшылардың мекені;
жеке өскен ағаштар және сексеуіл мен жатағандар тобы;
суару желісіне байланысты немесе суармалы ормандар мен бұталардың элементтері;
сулы-батпақты ормандар мен бұталар, сондай-ақ орманды аймақтағы соқпақтар мен жолдар;
және тағы басқалар көрсетілген карта жасау.
«Ауыл» ХДПП Алматы өңірлік филиалының төрағасы Ахметбек Қоңырбаев осы бастамаларды іске асыруда қолдау көрсетіп, ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.