Кәсіпорын республика аумағын аэро - және ғарыш түсірілімдерінің негізінде жер бедерін фотобейнелеумен ауыл шаруашылығы картографиялау жөніндегі қызметтердің жалғыз жеткізушісі болып табылады

ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

Геодезиялық жұмыстар

Жер бедері мен жағдай туралы ақпарат алуға бағытталған жұмыстар кешені

Толығырақ

Фотограмметриялық жұмыстар

Объектілердің пішінін, мөлшерін, орнын және өзге де сипаттамаларын олардың фотографиялық бейнелері бойынша айқындау

Толығырақ

Жерге орналастыру жұмыстары

Жердің жай-күйін зерттеуге, шекараларды анықтауға, ресурстарды жоспарлауға және ұтымды пайдалануға бағытталады

Толығырақ

Сандық картография

Картографиялық дереккөздерді цифрландыру арқылы құрылған жердің цифрлық моделі

Толығырақ

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
29.10.2026

  АШАІМИ Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының аумағында далалық дешифрлеу жұмыстарын аяқтады.

  Дешифрлеу – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жаңартудың негізгі кезеңдерінің бірі. Ол Жерді қашықтықтан зондтау материалдарында бейнеленген объектілерді анықтауды, тануды және олардың сипаттамаларын айқындауды қамтиды.

Толығырақ...
26.10.2026

   Республика күні қарсаңында ауыл шаруашылығын дамытуға сіңірген еңбегі үшін бірқатар сала маманы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапаттарды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров салтанатты түрде табыстады.

   Марапат иелерінің қатарында «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының техникалық бақылау басқармасының бас инспекторы Маратхан Дуванович Дюсенгулов та бар. Әріптесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Толығырақ...
23.10.2026

   Кәсіпорын директоры Нұрбол Нұрлыбекұлы Салыбеков ұжымды ұлттық мерекемен құттықтады. 

   «Құрметті әріптестер! Баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

   25 қазан – халқымыздың тарихи таңдауын айшықтайтын, елдігіміз бен егемендігіміздің негізін қалаған маңызды күн. 1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашып, ел дамуының жаңа кезеңіне бастау болды.

Толығырақ...
Біздің бос жұмыс орындарымыз
Біздің команданың бір бөлігі болғыңыз келе ме?