Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны
Жер бедері мен жағдай туралы ақпарат алуға бағытталған жұмыстар кешені
Объектілердің пішінін, мөлшерін, орнын және өзге де сипаттамаларын олардың фотографиялық бейнелері бойынша айқындау
Жердің жай-күйін зерттеуге, шекараларды анықтауға, ресурстарды жоспарлауға және ұтымды пайдалануға бағытталады
Картографиялық дереккөздерді цифрландыру арқылы құрылған жердің цифрлық моделі
Сандық ауылшаруашылық карталарын жасау
Жоспарлы биіктікті байланыстыру
Сандық фотопландар (ортофотопландар) жасау
Ортофотопландардағы ауыл шаруашылығы контурлары мен объектілерін дешифрлеу
Сандық а / ш карталарын жасау
Бүгін АШАІМИ-дің 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдері мен халықаралық серіктестер қатысты. Конференция барысында геодезия, картография, жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығын цифрландыру салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков АШАІМИ-дің 90 жылдық тарихының маңызына ерекше тоқталды: «Тоқсан жыл – жай ғана мерейтой емес. Бұл – бірнеше буын мамандарының қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігінің, үздіксіз ізденіс пен дамудың шежіресі. Осы жылдар ішінде кәсіпорын еліміздің жер ресурстарын зерттеу, есепке алу, мониторинг жүргізу және картографиялау саласының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосты. Осы ретте кәсіпорынның ардагерлері мен бұрынғы басшыларына ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, көрегендіктеріңіз және өз ісіңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында бүгінгі жетістіктеріміздің берік іргетасы қаланды.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай АШАІМИ қызметкерлері еліміздің Әнұранын орындап, Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның мәртебесін ұлықтады. Кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздеріміздің маңызы мен құндылығына тоқталды.