Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы

Нұрбол Салыбеков 1978 жылы 5 шілдеде Түркістан облысында дүниеге келген.
"Тұран" университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген.
Жер қатынастары саласындағы еңбек қызметі 2006 жылы Жер ресурстарын басқару жөніндегі Астана қалалық аумақтық басқармасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және жер мониторингі бөлімінің бастығы қызметінен басталды.
2007-2013 жылдары-ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы, "МемжерҒӨО" РМК, Құқықтық қамтамасыз ету және Мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, "ГИСХАГИ" РМК, Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.
2014-2024 жылдары "ГИСХАГИ"РМК директорының орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылғы 22 қаңтардан бастап - "ГИСХАГИ" РМК директоры.
"Құрметті жерге орналастырушы", "құрметті картограф", "ауыл шаруашылығы үздігі" төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.