Сенбі, 23 Қазан 2021

АШАІМИ мамандары Ресей мен ТМД елдеріндегі ақпараттық технологиялар нарығында жетекші орынды иеленетін, үздік халықаралық жүйелік интегратор Terralink компаниясы ұйымдастырған «Геокеңістікті цифрландыру: жаңа өнімдер мен көрсетілетін қызметтер» семинарына қатысты. 

Семинар Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерін пайдалану және геоақпараттық технологияларды дамыту болашағы мәселелерін талқылау үшін пайдасы мол форум болды.

Атап айтқанда, MAXAR компаниясының мозаикалық картографиялық өнімдеріне назар аударылды.Іс-шараның қорытынды бөлімі ерекше қызықты және пайдалы болды, онда PHOTOMOD бағдарламалық кешенін қолдана отырып ЖҚЗ деректерін өңдеу саласы бойынша шеберлік сыныбы көрсетілді.

Семинар ЖҚЗ деректері негізінде жаңа технологиялар, өнімдер мен көрсетілетін қызметтер туралы білуге, сонымен қатар әртүрлі салалық міндеттерді шешу үшін ғарыштық суреттерді пайдалану тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді.

14 қарашада Жұмыс кестесіне сәйкес Қызылорда облысының Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандары аумақтарының аэросуреттерінде ауылшаруашылық дешифрлау бойынша далалық жұмыстар аяқталды.

Фотобейнелерді нақты кескіндермен салыстыруға негізделген, іздестіру аймағында тікелей орындалатын далалық дешифрлау жергілікті жер туралы ақпарат жинаудың жауапты кезеңдерінің бірі болып табылады.

Аэросуреттерді ауылшаруашылық дешифрлау жұмыстарының нәтижесі жергілікті жердің фотобейнесімен цифрлық ауылшаруашылығы карталарын жасаудың нақты негізі болады.

Жасалған ауылшаруашылығы карталары ауыл шаруашылығының өзекті міндеттерін тиімді шешудің, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптарын ұтымды пайдаланудың құралы бола алады, өйткені кез-келген жер үстілік зерттеулерді жүргізу барысында іс жүзінде қол жеткізу мүмкін болмайтын, бірдей әрі сапасы бойынша салыстырмалы ақпараттарды ауқымды аумақтар бойынша бір мезгілде алуға мүмкіндік береді.

АШАІМИ директоры А.Бегманов 19-20 қыркүйекте Алматы және Алматы облысында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысына қатысты.

Іс-шараға сенаторлар - Комитет төрағасы Әли Бектаев, Комитет хатшысы Рашит Акимов, Мұхтар Джумагазиев, Бекмырза Еламанов, Дүйсенғазы Мусин, Абдали Нұралиев, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик Тілектес Есполов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» Ұлттық ғылыми-білім беру орталығының ғылым және білім жөніндегі басқарушы директоры Есенбай Исламов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылыми-зерттеу институтының директорлары, ғалымдар мен ауылшаруашылық өндірушілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты - аграрлық ғылымды дамыту, кадрлар даярлау және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы «Конструктивті қоғамдық диалог - тұрақтылық пен гүлденудің негізі» атты ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы өзекті мәселелерді талқылау.

Іс-шараның қонақтары мен қатысушылары еліміздің ауылшаруашылығы саласына жүктеліп оытрған еңбек өнімділігі мен өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын 2,5 есе арттыру міндеттері аграрлық ғылым, білім беру және өндіріс интеграциясында жаңа тәсілдерді қажет ететіндігін атап өтті.

 

АШАІМИ-де алдыңғы қатарлы геокеңістіктік және ғарыштық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы – Maxar және ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласында жұмыс істейтін және геокеңістік деректер бойынша өнім беруші болып табылатын Eospatial компанияларының өкілдерімен кездесу өтті.

Компаниялар өте дәл және дәл жерсеріктік бейнелердің әлемдегі ең ірі кітапханасынан алынған Жердің суреттерімен қоса, кең ауқымды қызметтер кешенін ұсынады.

Кездесудің мақсаты ауылшаруашылық картографиялау саласындағы міндеттер кешенін шешу үшін өндірісте ЖердіҚашықтықтанЗондтау деректерін қолдану перспективаларын талдау болды.

Қазіргі уақытта жер ресурстарын картографиялау ісінде ғарыштық әдістер мен құралдар маңызды рөл атқаратындығын және ғарыштық картографияны одан әрі дамыту бұдан да маңызды нәтижелер мен жетістіктерге әкелетінін түсініп, тараптар өзара жұмыстардың әртүрлі нұсқаларын қолдану және тұрақты түрде ақпарат алмасу туралы келісімге келді.

Кездесу нәтижесінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою туралы шешім қабылданды.

АШАІМИ кеңістіктік деректер саласында заманауи технологияларды енгізу жолдарын белсенді дамытып жүрген «Қазақстан Геодезистері Одағы» қауымдастығы және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ұйымдастырған Еуразиялық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы бойынша 5-ші Халықаралық конференцияға қатысты.

Конференция геодезия, цифрлық картография және геоақпараттық жүйелер саласындағы өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналды, онда заманауи шешімдер, тәжірибелер мен жаңа жетістіктер көрсетілді.

Конференция жұмысына сонымен қатар жақын және алыс шетелдерден мамандар қатысты, бұл олар үшін жинақтаған тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісуге, кәсіби байланыстар желісін кеңейтуге, болашақ бірлескен жобаларына ниетнестер табуға жақсы мүмкіндік болды.

 

 

 

 

Яндекс.Метрика