Кәсіпорында өндірісті жоспарлау – жұмыстың қажетті бөлігі болып табылады

Кәсіпорынның табысты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оның қызметін ұдайы жоспарлау қажет. Бұл міндеттердің бәрін өндірістік жоспарлау шешеді, ол жиі дағдылы процесс ретінде қабылданады. Іс жүзінде жоспарлау – басқару қызметінің негізі. Дәл осы өндірістік жоспарлау кәсіпорынның алдында тұрған мақсатты көрсеткіштер мен міндеттерді, сондай-ақ оларға қол жеткізу кезеңдерін айқындауға мүмкіндік береді.

2023 жыл соңына таяды. Осы жылдың ішінде кәсіпорын өзінің ауқымы бойынша бұрын-соңды болмаған қаржыландыру көлемін және тиісінше ауыл шаруашылық картографиялау жұмыстарының көлемін жүзеге асырды.

Бүгінгі таңда жобалау және бюджеттік жоспарлау басқармасының алдында бұдан да ауқымды міндеттер тұр: алдағы үш жылға цифрлық, оның ішінде ашық пайдаланылатын ауыл шаруашылығы карталарын жасау, сондай-ақ мемлекеттік тілде карталар жасау жұмыстары жоспарланып отыр.

Басқарманың қазіргі кездегі негізгі міндеті объектілердің топографиялық-геодезиялық және картографиялық зерттелуі мен объектілер аумағында бұрын орындалған жұмыстар туралы басқа да бастапқы материалдарды жинауды жүзеге асыру, жобалау жұмыстарын жүзеге асыру, жобалық шешімдердің техникалық негізділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету, бюджеттік өтінім жасау болып табылады.

Жоспарланған көлемдерді (алаңдарды) есептеу, аэрофотогеодезиялық жұмыстар өндірісіне есептік сметалар жасау қажеттілігімен қатар басым бағыттардың әрбір тармағы бойынша республикалық бюджеттен қаржыландыру қажеттілігін дәлелдеу қажеттілігі де жұмысты күрделендіре түседі.

Басқарма қызметкерлері жұмысты жоспарлау үшін туындауы мүмкін қателіктерді алдын-ала білуге және болдырмауға, сондай-ақ оларды жұмыс басталғанға дейін түзетуге немесе жоюға мүмкіндік беретін барлық мүмкіндікті жасайды.

 

Жұмыстарды жоспарлау және жобалау – кәсіпорынды дамытудың одан арғы бағыттары үшін айқындаушы маңызы бар және  мақсаттарды нақты нәтижелерге айналдыруға көмектесетін негізгі процесс.