2023 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы аумағын цифрлық ауыл шаруашылығы карталарымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілген қызметтер туралы есеп

01.01.2023 жылға 90 414,3 мың га ауыл шаруашылығы жері немесе алқаптар инфрақұрылымы бар ауыл шаруашылығы жерлері алып жатқан республика аумағының 44,0% (205 469,2 мың га) цифрландырылды.
2023 жылы 68 812,0 мың га көлемінде цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау жоспарлануда, оның ішінде:
54 676,0 мың га (26,6 %) – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау;
14 136,0 мың га – бұрынғы жылдардағы түсіру материалдары бойынша карталар жасау (аналогтық карталарды цифрлық түрге келтіру).
2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы көлемі 57 357,1 мың га цифрлық ауыл шаруашылығы карталары жасалды, оның ішінде:
43 221,1 мың га – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау;
14 136,0 мың га – аналогтық карталарды цифрлық түрге келтіру.
Осылайша, 133 635,4 мың га ауыл шаруашылығы жерлері немесе ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатқан республика аумағының 65,0% цифрландырылды.
Анықтама үшін

2023 жылы «АШАІМИ» РМК мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы алқаптары мен елді мекендердің құрылыс жүргізілген аумақтарының жоспарлы-картографиялық өнімін жасау бойынша көрсетілетін қызметтерінің көлемі түрлері бойынша мыналарды құрайды:
1) шырамыту белгілерін жоспарлы-биіктік байланыстыру – барлығы 2 826 шырамыту белгісі;
2) жалпы көлемі 53 404,0 мың га цифрлық ортофотопландарды дайындау;
3) аэросуреттердегі және фотопландардағы жалпы көлемі 43 230,1 мың га ауыл шаруашылығы контурлары мен объектілерінің шифрларын ашу;
4) жалпы көлемі 68 812,0 мың га цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау.
Қазіргі уақытта 2023 жылғы 10 ақпандағы № 4 мемлекеттік сатып алу туралы шартқа жер алқаптарының цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау үшін аэроғарыштық түсіру бойынша сатып алынатын қызметтердің техникалық сипаттамасына сәйкес толық көлемде (53 404 мың га көлемінде) аэроғарыштық түсіру бойынша қызметтер көрсетілді.
2023 жылдың 9 айында 135 247,2 мың га көлемінде қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) жоспарлы-биіктіктік байланыстыру – Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары аумақтары бөлігінің 2 826 шырамыту белгісі;
2) жалпы ауданы 36 971,8 мың га цифрлық ортофотопландарды дайындау, оның ішінде:
– Шығыс Қазақстан облысының 16 (он алты) ауданы аумақтарының (Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Жарма, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Құршым, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха және Семей қ.) бөліктері 10 631,6 мың га көлемінде;
– Ақтөбе облысының 3 (үш) ауданы аумақтарының (Әйтеке Би, Шалқар, Қырғыз) бөліктері 4 047,4 мың га көлемінде;
– Түркістан облысының 9 (тоғыз) ауданы аумақтарының бөліктері (Бәйдібек ат., Созақ, Отырар, Шардара, Қазығұрт, Мақтаарал, Арыс қ.ә., Кентау қ.ә. және Түркістан қ.ә.) 4 043,2 мың га көлемінде;
– Қостанай облысының 16 (он алты) ауданы аумақтарының бөліктері (Алтынсарин, Аманкелді, Әулиекөл, Денисов, Жанкелді, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қаратау, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл және Лисаковск қ.ә.) 8 703,1 мың га көлемінде;
– Батыс Қазақстан облысының 9 (тоғыз) ауданы аумақтарының бөліктері (Ақжайық, Бөрілі, Жаңақала, Зеленов, Казталов, Сырым, Тасқала, Теректі және Бөкей ордасы) 9 546,5 мың га көлемінде;
3) аэросуреттердегі және фотопландардағы жалпы көлемі 40 918,3 мың га ауыл шаруашылығы контурлары мен объектілерінің шифрларын ашу, оның ішінде:
– Алматы облысының 14 (он төрт) ауданы аумақтарының бөліктері (Алакөл, Ақсу, Сарқан, Ескелді, Кербұлақ, Панфилов, Жамбыл, Талғар, Ұйғыр, Қарасай, Балқаш, Іле, Қаратал және Райымбек) 4 916,6 мың га көлемінде;
– Қарағанды облысының 2 (екі) ауданы аумақтарының бөліктері (Нұра және Ұлытау) 2 708,9 мың га көлемінде;
– Жамбыл облысының 10 (он) ауданы аумақтарының бөліктері (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Сарысу, Талас және Шу) 4 049,0 мың га көлімінде;
– Шығыс Қазақстан облысының 10 (он) ауданы аумақтарының бөліктері (Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар, Шемонаиха және Риддер қ.ә.) 4 792,4 мың га көлемінде;
– Ақтөбе облысының 13 (он үш) ауданы аумақтарының бөліктері (Әйтеке Би, Алға, Байғанин, Қобда, Марток, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Хромтау, Қарғалы, Шалқар, Ырғыз және Ақтөбе қ.ә.) 22 314,2 мың га көлемінде;
– Атырау облысының 5 (бес) ауданы аумақтарының бөліктері (Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға және Құрманғазы) 2 025,5 мың га көлемінде;
– Түркістан облысының 3 (үш) ауданы аумақтарының бөліктері (Шардара, Сарыағаш және Қазығұрт) 111,7 мың га көлемінде;
4) жалпы көлемі 57 357,1 мың га цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау, оның ішінде:
– Алматы облысының 11 (он бір) ауданы аумақтарының бөліктері (Алакөл, Ақсу, Сарқан, Ескелді, Кербұлақ, Панфилов, Жамбыл, Талғар, Ұйғыр, Қарасай, Райымбек) 4 916,6 мың га көлемінде;
– Жамбыл облысының 10 (он) ауданы аумақтарының бөліктері (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Майынқұм, Т. Рысқұлов, Шу, Сарысу және Талас) 2 067,9 мың га көлемінде;
– Ақтөбе облысының 11 (он бір) ауданы аумақтарының бөліктері (Әйтеке Би, Алға, Байғанин, Қобда, Марток, Мұғалжар, Ойым, Темір, Хромтау, Шалқар және Ырғыз) 18 635,4 мың га көлемінде;
– Қарағанды облысының 9 (тоғыз) ауданы аумақтарының бөліктері (Осакаров, Бұқар Жырау, Нұра, Абай, Қарқаралы, Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай және Ұлытау) 15 809,0 мың га көлемінде;
– Қостанай облысының 6 (алты) ауданы аумақтарының бөліктері (Таран, Әулиекөл, Қарасу, Қамысты, Наурызым және Жанкелді) 2 299,7 мың га көлемінде;
– Түркістан облысының 10 (он) ауданы аумақтарының бөліктері (Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Ордабасы, Сайрам, Түлкібас, Арыс, Төле Би, және Шымкент қ.ә.) 1 052,0 мың га көлемінде;
– Павлодар облысының 11 (он бір) ауданы аумақтарының бөліктері (Железин, Қашыр, Успен, Ақтоғай, Павлодар, Шарбақты, Лебяжі, Май, Баянауыл, Ақсу қ.ә., Екібастұз қ.ә.) 7 566,4 мың га көлемінде;
– Қызылорда облысының 3 (үш) ауданы аумақтарының бөліктері (Қазалы, Қармақшы және Жалағаш) 1 563,7 мың га көлемінде;
– Шығыс Қазақстан облысының 10 (он) ауданы аумақтарының бөліктері (Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Құршым, Тарбағатай, Үржар және Шемонаиха) 3 446,4 мың га көлемінде.
Осылайша, кәсіпорын өзіне жүктелген міндеттемелерінің толық және тиісті орындалуын қамтамасыз етті.