Комитет төрағасы «ГИСХАГИ» РМК жұмыс сапарымен болды

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Баритұлы Теміржанов «ГИСХАГИ» РМК жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында кәсіпорын директорының, директордың орынбасарларының және өндірістік құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі ұйымдастырылды. Кәсіпорын директоры Бағдат Бақтиярұлы Мұхамедов комитет төрағасын кәсіпорын қызметімен, оның ішінде заманауи талаптарға сәйкес цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау технологиясымен таныстырды.

Сондай-ақ, Жерді қашықтықтан зондтау және цифрлық картографиялау деректерін өңдеу бойынша бөлімдердің жұмысымен танысты.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру және мемлекеттік жер кадастры мәселелері көтерілді.