Комитет төрағасының орынбасары «ГИСХАГИ» РМК-да болды

Ағымдағы жылдың 20 мамырында «мемлекеттік ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер институты (ГИСХАГИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бимендина Гүлжахан Амангелдіқызы келді. Сапар барысында Г. А. Бимендина кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді, өндірістік үй-жайларға барды, ауыл шаруашылығы карталарын жасау бойынша аэрофотогеодезиялық жұмыстардың толық циклімен және олардың өзектілігімен танысты. Кәсіпорын Директоры Б. Б. Мұхамедов кәсіпорынды одан әрі дамытуға, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы карталарын жетілдіру және өндірісті жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті.