Төсбелгі медальдарын тапсыру

«ГИСХАГИ» РМК-да Геодезия және картография саласындағы өндірістік қызметтегі үздік жетістіктері үшін кәсіпорын қызметкерлеріне «құрметті геодезист» және «құрметті картограф» төс медальдарын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару комитетінің мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы Марат Булатұлы Өзбаев пен кәсіпорын директоры Бағдат Бақтиярұлы Мұхамедов әрбір медаль иегерін құттықтап, өндірістік қызметте одан әрі табыс пен даму тіледі.

Марапатталды:

Оразов Сағит Аманқосұлы төс медалімен-Құрметті геодезист;

Өтесбаев Алмат Қалауұлы төс медалімен-Құрметті картограф;

Қазыбаева Гүлвира Тенликовна төс медалімен-Құрметті картограф.