2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов жұмыс сапары аясында «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында болды.

Кездесу барысында соңына таяп қалған 2023 жылдың қорытындысы шығарылды. Бұл ретте цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау жұмыстары толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалғаны атап өтілді. Сондай-ақ 2024 жылға арналған негізгі міндеттер мен ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыруды аяқтау, оның ішінде республика аумағын ашық цифрлық ауыл шаруашылығы карталарымен қамтамасыз ету жөніндегі келешек міндеттер белгіленді.

АШАІМИ ұжымының М.Б. Теміржановпен ашық диалогы өзекті мәселелерді талқылайтын пікір алмасу алаңына айналды.