Техникалық бақылау басқармасының міндеті – орындалған жұмыстардың сапасына кепілдік беру

Цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасаудың өндірістік процесінде шығарылатын өнімнің сапасын бақылауға ерекше рөл беріледі. Бұл іс-шара өндірістік тізбектің буыны болып табылады, оның маңыздылығын бағалай білу керек.

Геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстарды бақылау және қабылдау тәртібі туралы нұсқаулық талаптарына сүйене отырып, техникалық бақылау басқармасы (ТББ) – кәсіпорын мен тапсырыс беруші – ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті арасындағы байланыстырушы элемент өндірістік процестің барлық сатыларында: ғарыштық түсіру  материалдарын алу кезеңінен бастап түпкілікті өнім – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын шығаруға дейін сапаға қатаң бақылау жүргізеді.

Есептік 2023 жылы мемлекеттік тапсырма аясында ТББ келесі көлемде орындалған жұмыстарды бақылау және қабылдауды жүзеге асырды:

– ауыл шаруашылық картографиялау үшін ғарыштық түсіру 53 404 мың га көлемінде;

– шырамыту белгілерін жоспарлы-биіктіктік байланыстыру – 2 826 бірлік;

– масштабы 1:10 000 және 1:25 000 ортофотопландар дайындау 53 404 мың га көлемінде;

– 1:10 000 және 1:25 000 масштабтарында ауыл шаруашылығы шифрларын ашу 43 230,1 мың га көлемінде;

 

– масштабы 1:10 000 және 1:25 000 цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау 68 812,0 мың га көлемінде.

Техникалық бақылау басқармасы картаның әрбір номенклатуралық парағы үшін технологияның толықтығына, дұрыстығына, дәлдігіне, сақталуына кепілдік береді.