Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ басшысы С.С. Балғымбаевтың «АШАІМИ» РМК-ға жұмыс сапары

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дәріс өткізу аясында 3 қарашада «АШАІМИ» РМК-да Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ жетекшісі С.С. Балғымбаевтың «АШАІМИ» РМК ұжымымен кездесуі өтті.

Кәсіпорын директоры Г.А. Бимендина «АШАІМИ» РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.

Бұдан әрі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында С.С.Балғымбаев баяндама жасады.

 

Кездесу қорытындысы бойынша С.С. Балғымбаев қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама нормаларын сақтауға шақырды.