Бәсекелестік ортадағы қызмет – кәсіпорын сәттілігінің кепілі

     АШАІМИ-дің құрылымдық бөлімшесі бола отырып, маркетинг басқармасы келесі жерге орналастыру және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындайды: жерге орналастыру бойынша жобаларды (схемаларды) әзірлеу және жасау, жобаларды нақтылысына шығару, жобалау және құрылыс үшін топографиялық-геодезиялық жұмыстар, жерүсті және жерасты желілік құрылыстары мен олардың элементтерін (жолдар, электр беру желілері, мұнай құбырлары, газ құбырлары, және т.б.), геодезиялық пункттерді салу және төсеу, басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу.

     Маркетинг  басқармасы 2023 жылдың ішінде бәсекелестік ортадағы келесі қызметтерді көрсетті:

  • жер учаскелеріне жерге орналастыру жобасын әзірлеу (Қонаев);
  • жер учаскелеріне жерге орналастыру жобасын әзірлеу (Жетіген).

Қазіргі уақытта басқарма қызметкерлері «Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ балансындағы объектіге жерге орналастыру жобасын дайындау жөніндегі шарт аясында трансформаторлық қосалқы станциялар мен электрмен жабдықтау объектілері орналасқан жерлерде далалық жерге орналастыру жұмыстарын жүзеге асыруда.

    Сонымен қатар, басқарма «Талғар ауданының Қайнар, Бесқайнар, Алатау және Бесағаш ауылдық округтерінің аумақтарын аймақтарға бөлуді және жерді пайдалану режимін айқындау» шарты шеңберінде жер пайдалану, ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері мен құрамы және оларды далалық зерттеу бойынша жерге орналастыру жүргізілетін учаскелерді  анықтауға қатысти дайындық (қажетті жер-есепке алу статистикалық жоспарларын, картографиялық және өзге де материалдарды жинау) жұмыстарын жүргізуде.

    Бұдан басқа, бөлімше әлеуетті клиенттердің назарын аудару және жерге орналастыру, геодезия, картография саласындағы жұмыстардың қосымша көлемін тарту мақсатында кәсіпорынның сыртқы ортамен өзара іс-қимылына толық жауап береді. Ол үшін маркетинг басқармасы кәсіпорында одан әрі ынтымақтаса жұмыстар жүргізу үшін Қазақстанның батысынан шығысқа қарай ірі газ құбырын салумен айналысатын  «Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры» ЖШС өкілімен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

     Дұрыс  ұйымдастырылған Басқарма қызметі, бәсекелестік ортаға уақтылы талдау жүргізу клиенттік базаның кеңеюіне және кәсіпорын табысының ұлғаюына алып келуі тиіс.