«АШАІМИ» РМК директоры тағайындалды

     Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының бұйрығымен Нұрбол Нұрлыбекұлы Салыбеков «АШАІМИ» РМК директоры лауазымына тағайындалды.
     Нұрбол Салыбеков 1978 жылы 5 шілдеде Түркістан облысында дүниеге келген.
     «Тұран» университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген.
     Еңбек жолын 2006 жылы жер қатынастары саласында жер ресурстарын басқару жөніндегі Астана қалалық аумақтық басқармасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және жер мониторингі бөлімінің бастығы лауазымынан бастады.
     2007-2013 жылдары – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы, «МемЖерҒӨО» РМК, құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, «АШАІМИ» РМК, құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды.
     2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «АШАІМИ» РМК директорының орынбасары қызметін атқарды.
     2024 жылдың 22 қаңтарынан бастап – «АШАІМИ» РМК директоры лауазымына тағайындалды.
     «Құрметті жерге орналастырушы», «Құрметті картограф», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.