Сапаны бақылау – сәттілік кепілі

        Ауыл шаруашылық картографиялау саласындағы маңызды міндеттер аэрофотогеодезиялық жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз ету, қолданыстағы нормативтік актілердің технологиялары мен талаптарын сақтау болып табылады.

Бұл міндеттерді шешуге бірқатар шаралар, соның ішінде өндірістің барлық кезеңдерінде технологиялардың сақталуын бақылауды нақты ұйымдастыру және өнімді білікті ұйымдастырылған түрде қабылдау арқылы қол жеткізіледі.

Сапаны бақылау процесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорында техникалық бақылау басқармасы (ТББ) ұйымдастырылған, оның құрамына өндірістің барлық кезеңдерінде бақылауды жүзеге асыратын мамандар кіреді. ТББ бұл процесте ерекше рөл атқарады және картографиялық өнімнің сапасыз шығарылуына жол бермей, бақылау нәтижелерінің дұрыстығына жауап береді.

Геодезиялық, фотограмметриялық, топографиялық, картографиялық жұмыстардың сапасын бақылау және оларды қабылдау цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасаудың бүкіл технологиялық процесінің ажырамас бөлігі болып табылады, онда мыналар қамтылады:

– орындалған жұмыстар нәтижелерінің және оларды рәсімдеудің қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына, сондай-ақ техникалық жобалардың талаптарына сәйкестігін өндірістің барлық сатыларында тексеру;

– аэрофотогеодезиялық жұмыстардың аяқталу дәрежесі мен сапасын айқындау;

-қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар мен шарттардың талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстардың орындалуына жол бермеу;

– аэрофотогеодезиялық жұмыстардың сапасын төмендететін себептерді талдау;

–  геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық және анықтамалық материалдарды пайдаланудың толықтығын тексеру;

– жұмыс сапасын бағалау үшін объективті деректерді ұсыну;

– жұмыста олқылықтардың алдын алу, жұмыстарды белгіленген мерзімде және белгіленген талаптарды сақтай отырып орындау кезінде қажетті көмек көрсету;

– олқылықтарға жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдау.

Ол үшін аэрофотогеодезиялық жұмыстарды орындау барысында техникалық бақылаудың мынадай түрлері жүргізіледі:

– далалық жұмыстарды бақылау (далалық маусым кезінде жергілікті жерлерде жүйелі түрде жүзеге асырылады);

– камералдық жұмыстарды бақылау (бөлімшелер арасындағы материалдар қозғалысы кезінде барлық технологиялық процестің аралық кезеңдерінде орындалады).

Қазіргі уақытта «АШАІМИ» РМК келесі:Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Түркістан, Жетісу облыстарының  аумақтарында 1:10 000 және 1: 25 000 масштабтағы цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау бойынша мемлекеттік тапсырманы орындап жатыр.

Сондықтан бүгін күні картографиялық өнімнің сапасының төмендігін болдырмау және ортофотопландардың шифрларын ащу жөніндегі далалық жұмыстарды бақылау үшін Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл облыстарының іздестіру жұмыстары басқармаларына техникалық бақылау басқармасының тәжірибелі мамандары жіберілді.

Масштабта жасалған цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын бақылауды және қабылдауды кәсіпорында техникалық бақылау басқармасы камералдық жағдайларда жүзеге асырады.

Сапаны жүйелі түрде басқару қазіргі уақытта жүйе тиімді болған жағдайда бәсекеге қабілетті өнімді жасаудың негізгі әдісі болып табылады!