Маркетинг басқармасы

«Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер Мемлекеттік институты (ГИСХАГИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік кәсіпорнының маркетинг басқармасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті бүгінгі күні республикалық мемлекеттік бюджеттің тапсырыстарынан тыс бәсекелестік ортада мынадай (осындай) жұмыстарды жүргізеді:

1. Жерге мемлекеттік актіні дайындау үшін жерге орналастыру жұмыстары;
2. Жер-кадастрлық жоспар;
3. Жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу және қалпына келтіру;
4. Шаруашылықішілік жер пайдалану жобаларын әзірлеу;
5. Жерге түгендеу жүргізу;
Жерге орналастыру мақсаттары үшін әртүрлі масштабтағы сандық (векторлық) карталарды жоспарлау. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу. Кәсіпорынның көп жылдық бай тәжірибесіне сүйене отырып, біз сізге Мемлекеттік сатып алу тәсілдері, тікелей шарт жасасатын көздерден бағалы ұсыныстарды сұрау және сапалы және уақтылы қызмет көрсету үшін ашық конкурс бойынша бірлескен жұмыс ұсынамыз.
2022 жылы бәсекелестік ортада атқарылған жұмыстарға тоқталайық
* Кеген ауданы бойынша 11 ауылдық елді мекенде 34 ауылдық елді мекеннің айналасында халықтың мұқтаждығы үшін жайылымдық жерлер анықталды, ауданы шамамен 47 000 мың га жер учаскесінде жерге орналастыру жүргізілді, жобалар дайындалып, шекаралар белгіленді.
* Балқаш ауданы бойынша 28 елді мекеннің шекарасы белгіленіп, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілді.
* Ұйғыр ауданы бойынша Жайлау жайылымына дейінгі 140 шақырым жолға қызмет көрсету үшін жерге орналастыру жобалары шарттар бойынша берілген уақыттан бұрын орындалып, сапалы қол қойылып тапсырылды.