Satbayev University проректорымен кездесу

2022 жылғы 24 мамырда Satbayev University академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Б.А. Жәутіковпен кездесу өтті, оның барысында «ГИСХАГИ» РМК мен Satbayev University арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты жобалау-іздестіру және картографиялық жұмыстар технологиясын жетілдіру бойынша эксперименттік бірлескен жұмыстар жүргізу, сондай-ақ университет пен кәсіпорын базаларында студенттерді бірлесіп даярлау және кадрлардың біліктілігін арттыру болып табылады. Кәсіпорын өкілдері университеттің дәріс кабинеттері мен зертханаларына барып, заманауи технологиялармен, қолданыстағы зерттеулермен және университеттің жаңа құралдарымен танысты.