Азизов Эльдар Аликович РМК «ГИСХАГИ» кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды

РМК «ГИСХАГИ» кәсіподақ комитетінің есептік-сайлау жиналысы барысында кәсіподақ комитетінің 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдегі жұмысы, тексеру комиссиясын сайлау, кәсіподақ комитетінің төрағасы мен жаңа құрамын сайлау туралы есебі қаралды.

Дауыс беру нәтижесінде «ГИСХАГИ» РМК кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы болып Өндірістік – техникалық басқарманың басшысы Азизов Эльдар Аликович бірауыздан сайланды.