Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтында кәсіби мерекеге салтанатты жиналыс өтті Іс-шара барысында кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы аграрлық сала мамандарының еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі. Бүгінде кәсіпорын тарихи маңызы бар ауқымды жобаны – ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру және ашық ауыл шаруашылығы цифрлық картасын әзірлеу жұмысын жүзеге асырып келеді Бұл бастама еліміздің аграрлық секторы үшін заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам Цифрлық трансформацияның алдыңғы шебінде тұрып, Қазақстанның аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосып келеміз» – деп, кәсіпорынның атқарып жатқан маңызды жұмыстарын атап өтті.