Бүгін «АШАІМИ» ұжымында ерекше әсерге толы, тағылымы мол жиын өтті. Геодезия және картография саласына қырық жылдан астам ғұмырын арнаған қадірлі қызметкер Елена Анатольевна Новосельцева зейнеткерлік демалысқа шықты.
Елена Анатольевна еңбек жолын 1982 жылы бастап, содан бері өз ісіне адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында зор абыройға ие болған білікті маман ретінде танылды. Соңғы жылдары институт ұжымында қызмет етіп, ортақ мақсат жолында елеулі үлес қосты.
Оның қажырлы еңбегін жоғары бағалаған кәсіпорын директоры
Нұрбол Салыбеков: «Өз атымнан және ұжым атынан сізге адал еңбегіңіз, кәсібилігіңіз және ісіңізге деген беріктігіңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Сіз жауапкершілік пен сенімділіктің, адамгершілік пен парасаттылықтың жарқын үлгісін көрсеттіңіз», – деп ізгі тілегін жолдады.
«Біз сізге «қош болыңыз» демейміз, «кездескенше» дейміз. Әрдайым сізбен кездесуге қуаныштымыз. Осындай зейнет жасы баршаңызға жұғысты болсын», – деген жылы лебіз көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Әріптестер Елена Анатольевнаға зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр және өмірінің жаңа белесінде тек шаттық пен қуаныш тіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту айқындалған.
Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу көзделген. Аталған талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған.
АШАІМИ мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған Құрмет тақтасы ілінген. Тақтада кәсіпорында еңбек етіп жүрген кезінде майданға аттанған ардагерлердің есімі жазылған.
Ұлы Жеңіс – қан майданда Отан үшін от кешкен жауынгерлер мен тылда тынымсыз еңбек еткен ел азаматтарының ортақ ерлігі мен өлшеусіз жанқиярлығының жемісі. Бүгінгі бейбіт өмір мен берекелі тіршілік – сол бір қайсар буынның төзімі мен табандылығының, елге деген адалдығының арқасы.
Бүгін АШАІМИ басшысы Нұрбол Салыбеков кәсіпорынның ер-азаматтарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
«Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарға деген зор құрметтің белгісі, сондай-ақ елге адалдық пен ерлік рухын айшықтайтын ерекше күн. Отанды қорғау – тек әскери міндет емес, ол – әрқайсымыздың ел болашағына деген жауапкершілігіміз, бірлігіміз бен намысымыздың көрінісі.
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «АШАІМИ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – ел ішіндегі татулық пен өзара сыйластықтың, көпұлтты қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың айқын көрінісі.