Көктемнің жарқын мерекелерінің бірі – Амал күніне орай кәсіпорында еңбек ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті. Басқосудың басты мақсаты – кәсіпорынның қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолын жас буынға үлгі ету.
Мерекелік кездесуде кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, олардың адал еңбегі мен мол тәжірибесі бүгінгі ұжым жетістіктерінің берік негізі екенін айтты. «Кәсіпорынның бүгінгі абыройы мен жетістіктерінің түп-тамырында сіздердің маңдай термен келген еңбектеріңіз, өмірлік тәжірибелеріңіз бен өнегелі жолдарыңыз жатыр. Сіздердің еңбектеріңіз – кейінгі буын үшін үлкен мектеп», – деді кәсіпорын басшысы.
Жылы әрі шынайы атмосферада өткен кездесуде ардагерлер емен-жарқын әңгімелесіп, өткен жылдардың жарқын естеліктерімен бөлісті. Кездесу соңында кәсіпорын басшысы ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілеп, олардың әрдайым кәсіпорынның қадірлі қонағы болып қала беретінін атап өтті.
Мұндай басқосу елдің өзекті мәселелерін талқылауға, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек адамын қолдау және отандық өндірісті нығайту бағытындағы бастамалармен танысуға мүмкіндік береді.
Бүгін «АШАІМИ» РМК ұжымы үшін ерекше әрі қуанышты күн болды. Кәсіпорынның 90 жылдық мерейтойы аясында өткен «Ашық геодеректер және ауыл шаруашылығының цифрлық карталары: жер ресурстарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы Алғыс хатпен марапаттады.
Тоқсан жылдық тарихында АШАІМИ еліміздің жер ресурстарын басқару, геодезия, картография және геоақпараттық технологиялар саласында өзіндік орны бар іргелі кәсіпорынға айналды. Бұл жетістік – әр кезеңде мекеменің дамуына үлес қосқан бірнеше буын өкілдерінің адал еңбегі мен көп жылдық тәжірибесінің жемісі.
Бүгін АШАІМИ-дің 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдері мен халықаралық серіктестер қатысты. Конференция барысында геодезия, картография, жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығын цифрландыру салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков АШАІМИ-дің 90 жылдық тарихының маңызына ерекше тоқталды: «Тоқсан жыл – жай ғана мерейтой емес. Бұл – бірнеше буын мамандарының қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігінің, үздіксіз ізденіс пен дамудың шежіресі. Осы жылдар ішінде кәсіпорын еліміздің жер ресурстарын зерттеу, есепке алу, мониторинг жүргізу және картографиялау саласының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосты. Осы ретте кәсіпорынның ардагерлері мен бұрынғы басшыларына ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, көрегендіктеріңіз және өз ісіңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында бүгінгі жетістіктеріміздің берік іргетасы қаланды.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай АШАІМИ қызметкерлері еліміздің Әнұранын орындап, Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның мәртебесін ұлықтады. Кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздеріміздің маңызы мен құндылығына тоқталды.