«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, 2025 жылғы 8 желтоқсанда сағат 11.00-де Алматы қаласы, Манас көшесі, 42/56, 2 қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша «АШАІМИ» РМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға қатысу туралы ұсыныстар 2025 жылғы 5 желтоқсанға дейін қоса алғанда электрондық поштаға қабылданады anticor@gishagi.kz.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтында кәсіби мерекеге салтанатты жиналыс өтті Іс-шара барысында кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы аграрлық сала мамандарының еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі. Бүгінде кәсіпорын тарихи маңызы бар ауқымды жобаны – ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру және ашық ауыл шаруашылығы цифрлық картасын әзірлеу жұмысын жүзеге асырып келеді Бұл бастама еліміздің аграрлық секторы үшін заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам Цифрлық трансформацияның алдыңғы шебінде тұрып, Қазақстанның аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосып келеміз» – деп, кәсіпорынның атқарып жатқан маңызды жұмыстарын атап өтті.