Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 90 жылдығын атап өтті

13.11.2024
   Қазақстан Республикасындағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі – «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің» 90 жылдығы және академик-ғалым Қаныш Сәтбаевтің туғанына 125 жыл толуына орай «Еуразияның ғылыми-инженерлік қоғамдастығы алдындағы төртінші өнеркәсіптік сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми форум өтті.
    Форум аясында университет аумағында орналасқан ұлы ғалымның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, Қаныш Имантайұлының Қазақстан ғылымы мен өнеркәсібіне қосқан орасан зор үлесі құрметпен еске алынды. Салтанатты іс-шараға «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры Нұрбол Салыбеков қатысты.
    Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорын мамандары, белгілі ғалымдар, мемлекеттік және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысқан бұл форумда арнайы инженерлік орталықтар мен ғылыми-технологиялық парктер құру, мемлекет пен ғылым тарапынан экономиканы модернизациялау, технологиялық прогресті іске асырудағы басты бағыттар мен  инженерлік ғылымдағы жаңа технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу хабын құру мәселесі қарастырылды. Бұл орталықтар инженерлік шешімдерден туған жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды дамытуға бағытталған.
    Форум барысында, ақпараттық технологиялар мен баламалы энергия көздері, мұнай-газ, тау-металлургия өнеркәсібі секілді Қазақстанның негізгі салалары бойынша кадр даярлау мәселелері де талқыланып,  әртүрлі салалардағы модернизация мен дамуға ықпал ететін жаңа технологиялардың таныстырылымы өтті.

Басқа жаңалықтар

3 April 2026
Қырық жылға жуық еңбек – құрметке лайық ғұмыр жолы

    Бүгін «АШАІМИ» ұжымында ерекше әсерге толы, тағылымы мол жиын өтті. Геодезия және картография саласына қырық жылдан астам ғұмырын арнаған қадірлі қызметкер Елена Анатольевна Новосельцева зейнеткерлік демалысқа шықты.

    Елена Анатольевна еңбек жолын 1982 жылы бастап, содан бері өз ісіне адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында зор абыройға ие болған білікті маман ретінде танылды. Соңғы жылдары институт ұжымында қызмет етіп, ортақ мақсат жолында елеулі үлес қосты.

Толығырақ...
20 March 2026
Наурыз – береке мен бірліктің мерекесі
АШАІМИ кәсіпорнының басшысы Нұрбол Салыбеков бүгін қызметкерлерді Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Бұл күн – ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан асыл дәстүрлерімізді ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, татулық пен сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке.
Толығырақ...
19 March 2026
Жаңару күнінде кәсіпорында дөңгелек үстел өтті

      Бүгін АШАІМИ-де Жаңару күні аясында кәсіпорынның даму бағыттарына арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында өндірістік үдерістерді жетілдіру және корпоративтік мәдениетті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.

      Іс-шара барысында қызметкерлердің ұсыныстары мен тәжірибесі көптеген шешімдерге негіз болғаны атап өтілді. Өзгерістердің басты мақсаты – технологиялық үдерістерді тиімді ету, еңбек өнімділігін арттыру, ашықтық пен жұмыс сапасын жақсарту.

Толығырақ...
18 March 2026
Бүгін – Наурызнама аясындағы Ұлттық киім күні

    Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Ол – ата-бабамыздың биік талғамы мен рухани болмысын танытатын ерекше құндылық.

    АШАІМИ ұжымы да бұл күнді назардан тыс қалдырмай, түгелдей ұлттық нақышта киініп келіп, дәстүрге деген үлкен құрметін көрсетті.

Толығырақ...
17 March 2026
АШАІМИ далалық жұмыстарды бастады

     Биыл ортофотожоспардағы ауыл шаруашылығы контурлары мен объектілерінің далалық шифрларын ашу жұмыстары Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облыстарының аумақтарында жүргізіледі. Негізгі мақсат – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жаңарту.


Толығырақ...
17 March 2026
Шаңырақ шаттығы – ортақ құндылық

      Наурызнама аясындағы мәні терең, мазмұны айрықша күндердің бірі – Шаңырақ күні. Бұл – отбасындағы береке мен бірлікті, мейірім мен сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке.

      Осы атаулы күнге орай мекемемізде «Шаңырақ күніне» арналған арнайы «шабыт тақтасы» ұйымдастырылды. 
Толығырақ...