Сенбі, 23 Қазан 2021

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы «АШАІМИ» РМК – на жұмыс сапарымен келді.

Бөлім:  Жаңалықтар Дүйсенбі, 09 Тамыз 2021 15:06

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Баритұлы Теміржановтың «АШАІМИ» РМК – на жұмыс сапарымен келді.

 

 

           Сапар барысында кәсіпорын директоры, орынбасарлары және өндірістік құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі ұйымдастырылды. Кәсіпорын директоры Бағдат Бақтиярұлы Мұхамедов комитет төрағасын кәсіпорынның қызметімен, соның ішінде цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын қазіргі заман талабына сай дайындау технологиясымен таныстырды.

 

           

 

Сондай-ақ, өндірістік бөлімдер ішінде жерді қашықтықтан зерделеу деректерін өңдеу бөлімі мен цифрлық картографиялау бөлімдерінің жұмыстарымен танысты.

 

           

 

 Кездесу барысында ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыруға және мемлекеттік жер кадастрына қатысты мәселелер талқыланды.

 

Яндекс.Метрика