Сенбі, 23 Қазан 2021

Жеңіс күні

Бөлім:  Жаңалықтар Сәрсенбі, 26 Мамыр 2021 08:37

          9 мамыр - фашистік Германияға қарсы соғыстағы Жеңіс күні, бұрынғы кеңестік республикалардың және көптеген Еуропа елдерінің маңызды, әсерлі және даңқты мерекелерінің бірі. Кәсіпорын ұжымы, бүкіл кеңес халқы сияқты, соғыстың ауыр жылдарында (1941-1945 жж.) Жеңіс жолында аянбай еңбек етті. 50-ден астам адам - Кәсіпорын қызметкерлері майданға аттанып, Мәскеу, Ленинград және Сталинград түбіндегі, Курск, Орел, Қырым және Одесса үшін болған шайқастардың қатысушылары болды. Олардың кейбіреулері Варшава, Будапешт, Прага, Белградты азат ету шайқастарына қатысты. Бүгін біз қаза тапқан жауынгерлерді, олардың ерліктерін еске аламыз және қазір бар қатысушылар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрметімізді білдіреміз. АШАІМИ басшылығы, қызметкерлері және кәсіподақ комитеті Жеңіс күніне орай қалыптасқан дәстүр бойынша кәсіпорын ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің мерекесін ұйымдастырып, оларды құттықтады. Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлеріне мәңгілік даңқ !.

Яндекс.Метрика