Сенбі, 23 Қазан 2021

Іздестіру экспедициялары далалық жұмыстарға аттанды

Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 22 Сәуір 2021 12:58

2021 жылғы 15 сәуірде АШАІМИ-дің құрамында 30 адам бар іздестіру экспедициялары далалық дешифрлауға аттанды. Экспедицияның мақсаты - ауылшаруашылық картографиялау бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау. Іздестіру экспедициясының негізгі жұмысы далалық жағдайларда аэросуреттер  мен фотопландардағы ауыл шаруашылығы контурлары мен объектілерін дешифрлеу болып табылады.

Далалық зерттеу-дешифрлау  ауылшаруашылығы карталарын жасау жұмыстарының ішіндегі өте маңызды, өте жауапты және көп уақытты қажет ететін процесс болып табылады. Аэротүсірім материалдарында дешифрлеу барысында жергілікті жердің суретке түсірілуі тиіс  объектілері мен контурлары танылады және жалпылау талаптары сақтала отырып, тиісті шартты белгілермен сызылады. Осы далалық зерттеу ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйі, мақсаты және пайдаланылуы туралы толық ақпарат береді. Сондай-ақ, жасалған планның сапасы едәуір дәрежеде жергілікті жердегі объектілердің орналасуын фотобейнесі бойынша анықтаудың дәлдігіне, олардың сипаттамаларының нақтылығы  мен толықтығына байланысты болады.

Дешифрлеу жұмыстарын орындау үшін № 1 ІЭ Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарының аумағына жіберілді, ал № 2 ІЭ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағына аттанды. Іздестіру экспедицияларына қатысушылардың міндетіне сонымен қатар аэросуреттерді жоспарлы-биіктік байлау және GPS геодезиялық жерсеріктік қабылдағыштарын пайдалана отырып, жер беті нүктелерінің координаталарын анықтау бойынша бірқатар жұмыстар да кіреді. Айта кету керек, экспедициялардың барлық қатысушылары алдын-ала медициналық тексеруден өткізіліп, энцефалитке қарсы екпе алды. Экспедициялар барлық қажетті материалдармен: шикізатпен, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен және көлікпен қамтамасыз етілген.

Кәсіпорын директоры Бағдат Мұхамедов экспедицияға қатысушыларды сапарларына қолайлы ауа-райы мен жемісті жұмыс тілеген ізгі тілектермен өзі шығарып салды.

Яндекс.Метрика