Сәрсенбі, 08 Желтоқсан 2021

ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі «АШАІМИ» РМК-да болды

Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 22 Сәуір 2021 12:52

           Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Ерғалиұлы Манатаев «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік  кәсіпорнына  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы Марат Болатұлы Узбаевпен бірге келді. Қонақтар өз сапарлары барысында «АШАІМИ» РМК қызметімен танысты.

            Кәсіпорын директоры Бағдат Бахтиярұлы Мұхамедов қонақтарға ауыл шаруашылығы карталарын өндіру процесін көрсетіп, олардың мазмұнымен таныстырды. Таныстыруда осы карталардың ауыл шаруашылығындағы мақсаты мен өзектілігі туралы ақпарат та қамтылды. Сондай-ақ, директор қонақтарды бәсекелестік ортада жүргізіліп жатқан жұмыстар мен кәсіпорынды одан әрі дамытуға бағытталған жоспарлы іс-шаралар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, іс-шара барысында кәсіпорын ғимараты бойынша қонақтарға шолу экскурсиясы өткізілді. Экскурсия барысында  қонақтар өткен жылдардағы аэротүсірім материалдары сақталған негатив сақтау орны мен мұражайды аралап  көріп,  кәсіпорынның даму тарихымен және оның қалыптасу кезеңдерімен танысты.

Кездесу барысында мәселелер ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыруға және мемлекеттік жер кадастрына қатысты болды. Сапар қорытындысы бойынша жоғары және аса жоғары кеңістіктік дәлдіктегі ғарыш түсірімдерін ауыл шаруашылық картографиялау кезінде пайдалану, сондай-ақ ашық пайдаланылатын карталар жасау болашағы талқыланды.

 

Яндекс.Метрика