Сәрсенбі, 08 Желтоқсан 2021

АШАІМИ–ге жаңа басшы тағайындалды

Бөлім:  Жаңалықтар Сәрсенбі, 20 Мамыр 2020 07:42

   Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Б. Баймағанбетов АШАІМИ ұжымына жаңа басшысы Бағдат Мұхамедовті таныстырды. 

  Б. Баймағанбетов АШАІМИ-ге республика аумағын заманауи цифрлық ауылшаруашылығы карталарымен қамтамасыз етудің өзекті міндеттері жүктелгенін айта келе, Б.Мұхамедовтің жерге орналастыру және жер қатынастары саласындағы мол тәжірибесі жаңа директорға қойылған міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. 

  Б.Мұхамедов 1985 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жерге орналастыру жүйесінде еңбек етіп келеді, ол жерге орналастырушы-инженерден бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Облыстық Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аймақтық жер инспекциясының бастығы қызметтерін атқарды. Бұрынғы жұмыс орны «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Жер кадастры Департаментінің Жер кадастры және МЖК ААЖ басқармасы.

   Сонымен қатар Батырбек Баймаганбетов АШАІМИ-дің бұрынғы басшысы Абдығали Бегмановтың кәсіпорынның дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Ал А. Бегманов мырза бірлесе жұмыс атқарған ұжымға алғысын білдірді.

 

Яндекс.Метрика